Отчет 2022 год

  1. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Жамбыл облысында 5073 табиғат пайдаланушы тіркелген, оның ішінде I санаттағы 302 объект (6%), II, III және IV санаттағы 4771 объект (94%).

Жалпы облыс бойынша 2021 жылы атмосфераға эмиссиялар түсімінің 8,6 мың тоннаға (+14%) артқаны байқалады («Азиялық газ құбыры» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖПФ АҚ өндірісінің ұлғаюына байланысты).

Эмиссияларды төмендету бойынша ірі кәсіпорындармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Облыста экология мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес құрылды, кеңес құрамына ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар қатарынан экологтардың өкілдері кіреді.

Атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын 9 стационарлық бекет жұмыс істейді, оның ішінде 5 бекет автоматты режимде жұмыс істейді (Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары және Қордай ауылы). Сапаны бақылау 18 зат бойынша анықталады (қалқыма заттар, РМ-2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, фторлы сутегі, формальдегид, бенз (а)пирен, кадмий, кобальт, марганец, қорғасын, көміртегі диоксиді, аммиак, озон (жерге жақын)).

«Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының деректері бойынша Тараз қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі көтеріңкі ретінде сипатталады.

Жоғары ластану және атмосфералық ауаның экстремалды жоғары ластану жағдайлары анықталған жоқ.

Ағымдағы жылғы 22 наурыздағы №17 келісім шартқа сәйкес Жеке кәсіпкер «ГРЭДГРЮ» атмосфералық ауаның және Тараз қаласының ауа райының ағымдағы жағдайы туралы деректерді «Достық» алаңында орналасқан ЛЭД-экранда трансляциялау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау

Өңірде тұрмыстық қалдықтар саласында 33 кәсіпорын (оның ішінде Тараз қаласында-22), 124 арнайы техникамен қамтылып, 501 алаң 3961 контейнермен жабдықталған. Қалдықтарды бөлек жинауға контейнерлердің үш түрі орнатылған. Торлы контейнерлер - пластмасса және пластикалық қалдықтарды жинауға арналған (700 дана), жабық контейнерлер - пайдаланылған шамдарды (құрамында сынап бар), химиялық қоректендіру көздері мен батареяларды жинауға арналған (106 дана), сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер (3155 дана).

Қалдықтарды 5 компонентке бөлу арқылы сұрыптайды (пластмасса және пластикалық қалдықтар, пластикалық бөтелкелер, шыны, қағаз қалдықтары, қаңылтыр банкалар (жестяные)). Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар престен өткізіліп, шикізат алу үшін қайта өңдеуге жіберіледі (Алматы, Шымкент қалалары).

Тараз қаласында 8 кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсетеді («Жасыл Ел-Тараз», «Сұлтанқазы», «Сәрсенбай», «Нұрлы-Тараз» ЖШС, «Махмудов» ЖК, «Баймұханбетов» ЖК, «Тазалық» ЖК, «Жамбай» ЖК).

Сонымен қатар, пластмасса, полиэтилен қалдықтарын, электрондық құралдар, мотор майларын, шыны және қағаздарды кәдеге жаратуға арналған 14 мекеме тек қана Тараз қаласында жұмыс істеуде («Хастал оглы П.М.», «Бақыт», «Танибеков», «Санит МиБ», «ХалалСауда» жеке кәсіпкерлері, «KazEcology», «Дажан», «ТаразТехноРесурс», «ТаразТеплоСтрой», «ЮгШинТорг», «ТаразПолиХим», «Айнек-Тара», «ЭкоТехСтандарт», «АклерГруппЮг» ЖШС).

Алайда, Тараз қаласының әкімдігі қайта өңдеуші кәсіпорындармен өзара іс-қимыл баяу жасауда, нәтижесінде бүгінгі күнге дейін қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау көлемі төмен деңгейінде.

Басқа аудандар бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу жүйесін дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлермен осындай келісім жасалуда. Бірақ ақпарат толық емес, жалпы жұмыстарға мониторинг жүргізілмейді.

Мәселен, Байзақ ауданында - «Алди и К» ЖШС, Жамбыл ауданында - «Таза Мекен» ЖШС, Жуалы ауданында - «Жасыл Жуалы» ЖШС, Меркі ауданында - «Жасыл Меркі» ЖШС, Мойынқұм ауданында -«Мөлдір» КМК, Қордай ауданында - «Экоком Инжиниринг» ЖШС, Т.Рысқұлов ауданында - ЖК «Құлан Тазалық», Талас ауданында - «Таза қала» ЖШС, Сарысу ауданында - ЖК«Сәулет», Шу ауданында - «Шу-Сервис» ЖШС, Тараз қаласында - «Жасыл-ел Тараз» ЖШС мекемелері жұмыс жүргізуде. Бұл мекемелер тек сенімгерлік басқаруға және орталықта орналасқан полигондармен ғана жұмыс жасайды.

Ал, қалған өңірдегі полигондарда қалдықтарды бөлек жинау жүйесі дамымағандықтан қалдықтар жүйесіз жиналады. Қалдықтардың түрлері бойынша сұрыптау жүргізілмей, полигондарда қалдықтардың жинақталған көлемі есепке алынбауда. Жинақталған көлем көзбен (визуально) шолу жолымен айқындалады.

2020-2021 жылдары тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешу үшін өңірде инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде («Hasanat group» компаниясы, «Байтақ болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Инсипром» және «Ecoplatform», «ТазаБиоИнвест» серіктестіктері және Еуразиялық Қайта Құру және Даму банкі). Қазіргі уақытта Еуразиялық қайта құру және даму банкімен тығыз өзара іс-қимыл орнатуда. Айта кету керек, бұл жұмыс келіссөздер деңгейінде жүргізілуде, өйткені инвесторлардың талаптары келесідей - қалдықтарды басқарудың аумақтық схемасын әзірлеу, тарифті көтеру, инфрақұрылымды дамыту және полигонды жеке меншікке беру.

Тарифтің төмендігі және тұрмыстық қалдықтардың салыстырмалы түрде аз көлемі біздің өңірге инвесторлар тартпайды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен 2025 жылдың соңына дейін 6 қалада, соның ішінде Тараз қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жағу бойынша зауыт салуды жоспарлады (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Тараз).

Осыған байланысты, 2020 жылы өңірде тұрмыстық қалдықтарды жағатын зауыт салу (энергетикалық кәдеге жарату) мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (әрі қарай – Министрлік) тапсырмасы бойынша Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Тараз қаласы полигонында жиналған («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС теңгерімінде) қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтап, геологиялық зерттеу жүргізген болатын.

Ал, 2021 жылы Министрліктің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы зерттеу нәтижелері мен зауыт құрылысының мүмкіндігі туралы қорытындысында энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі комиссия қалдықтардың жылдық жинақталу көлемінің аз болуына, инфрақұрылымның дамымауына, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинаудың болмауына байланысты Тараз қаласы бойынша жобаны алып тастады.

Анықтама: Қоқыс жағатын зауыттың тиімді жұмыс істеуі үшін қалдықтардың қажетті көлемі - 150 мың тонна, іс жүзінде Тараз қаласы бойынша жыл сайын 40 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталады.

Тараз қаласының тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтауға арналған полигоны Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінде орналасқан, жалпы ауданы - 30 гектар, қаладан ара-қашықтығы - 15 шақырым. Полигон «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-ң теңгеріміне берілген, 1985 жылы құрылған, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты мен мемлекеттік жер актісі рәсімделген.

Бүгінгі күнге полигонда 3,0 млн.тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Тұрмыстық қатты қалдықтар ашық аумақта жинақталады, биологиялық ыдырайтын қалдықтарға, компоненттерге қарай бөлінбейді. Полигонның аумағы электр қуаты және сумен жабдықталмаған, полигонға жол жоқ. Қазіргі уақытта полигонның кіреберіс жолды жөндеу қажет.

Қазіргі уақытта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Германия өкілімен және Тараз қаласының әкімдігімен бірлесіп қалдықтарды басқару саласындағы жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. 2021 жылдың 18 қазаны мен 3 желтоқсанында бірлескен кездесулер өткізілді, жобаны қаржыландыру мәселелері, іске асыру кезеңі талқыланды, осы жобаның орындаушылары анықталды. Орындау мерзімі 2025 дейін.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигондары

Облыста коммуналдық меншіктегі 158 полигон және қоқыс тасатйын үйінділері экологиялық (қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар бар) және санитарлық талаптарға (полигондар қоршалды) сәйкестендірілген.

2021 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында жергілікті атқарушы органдар ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинау, әкету, сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ, оларды өтеусіз жинауды және әкетуді ұйымдастыру туралы тапсырма берілген.

Қазіргі таңда, облыста құрылыс қалдықтарын нормалау көзделген 8 полигон бар, яғни құрылыс қалдықтарын орналастыруға қоршаған ортаға рұқсаты бар. Қалдықтардың пайда болуының жалпы лимиті жылына 28441 тонна. Оның ішінде Сарысу ауданында Жаңатас қаласы әкімі аппаратының полигоны құрылыс қалдықтарын жинауға арналған полигон болып табылады, құрылыс қалдықтарының түзілуіне рұқсат етілген лимит - жылына 5000 тонна.

Қалған полигондардың нысаналы мақсаты - қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру, сондай-ақ оларда құрылыс қалдықтарын орналастыру көзделген.

Кездейсоқ қоқыстарды жою

2021 жылы космомониторинг қорытындысы бойынша 165 стихиялық қоқыс орны анықталды (оның ішінде 9 қоқыс орын рұқсат етілген полигоннан тыс жерде орналасқан).

Бүгінгі күні 141 қоқыс үйіндісі жойылып (90%), 21 орынды жою қажет (Тараз қаласы), 3 орын координат бойынша анықталмаған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жамбыл ауданындағы 3 жеке меншіктегі қоқыс орыны тазаланып, растаушы материалдармен Жамбыл облысы бойынша Экология департаментіне жолданған болатын. Алайда, мерзімінен кешіктірілгенге байланысты деректер геопорталдан жойылмады. Осылайша 141 үйінді іс жүзінде жойылды, геопорталда 138 орын көрсетілген.

Сонымен қатар, 2021 жылы барлық анықталған қалдықтар объектілері геопортал мұрағатына салынды.

2021 жылдың қараша айында басқарманың, жергілікті полиция қызметінің, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері «Құмшағал» массиві инспекторының қатысуымен қайта рейд жүргізді. Рейд нәтижесі бойынша осы аумақта орналасқан 4 қоқыс орындарын жоймағаны үшін «Құмшағал» массиві бойынша әкімінің бас инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл, «Шағал» ЖШС директорына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

2022 жылы 1 мамырдан бастап жаңадан анықталған қоқыс орындары күн сайын геопорталға жарияланады және де Қаратау, Шу қалаларын қоса алғанда, ғарыштық мониторингпен қамту аймағы 40 шақырымға ұлғаяды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА)дамыту.

2022 жылы Жамбыл облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ауданын 115 мың гектарға ұлғайту көзделген. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында жалпы ауданы 115 мың гектар болатын «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру (әрі қарай - Парк) үшін паркін құрудың табиғи-ғылыми негіздемесінің жобасы әзірленді. Бұл жоба мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтті. Сондай-ақ, «Мерке» Парк құру үшін жерді резервте қалдыру жөніндегі комиссия құрылды, бүгінгі күні комиссия Паркті құру үшін жерді резервте қалдыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау

2021-2024 жылдар кезеңінде облыста балық ресурстарының популяциясын 1% - ға ұлғайту көзделген. 2021 жылы облыста балық популяциясы 1603,2 тоннаны құрады.

Ормандарды сақтау және сауықтыру

Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорының ауданы 4,4 млн.га құрайды, оның 2,3 млн. га орманмен жабылған (оның ішінде 1,1 млн. га сексеуіл). Орман қорының жерлері облыс аумағының жалпы ауданының 30,8% - ын, орман алқаптары 15,5% - ын құрайды.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа жағдайда: қолданылу кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2021–2025 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд.ағаш, оның ішінде Жамбыл облысының аумағында 140,8 млн. дана ағаш-бұта тұқымдылары отырғызу қажет.

Жолдауды іске асыру мақсатында Жамбыл облысында ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітіліп, 71,7 мың га алаңға 140,8 млн. дана ағаш-бұта тұқымы отырғызылды.

2021 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 7,3 мың га алаңда 10,6 млн дана ағаш (сексеуіл - 9,5 млн дана, қарағаш - 1,1 млн дана) отырғызылды.

Осы іс-шараны іске асыру есебінен 2021 жылы 65 жұмыс орны (уақытша) құрылды, 2022 жылы шамамен 110 жұмыс орны (уақытша) құрылатын болады.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 217,0 млн.теңгеге 49 бірлік техника сатып алынды.

Түгендеу қорытындысы бойынша 18,0 мың га аумақ орманмен қамтылған жерлер санатына ауыстырылды.

Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасы

2020 жылы облыста «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өңірдің жұртшылығымен және эко белсенділерімен экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылау бойынша онлайн кездесу өткізді.

Талқылау нәтижелері бойынша жұртшылықпен, табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен облыс әкімі қол қойған, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі нақты шаралары бар Жол картасы әзірленді.

Жол картаның бірлесіп орындаушылары энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, көлік басқармалары болып бекітілді.

2021 жылы Жол картасын орындауға 144,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, 1 іс-шара орындалып, 11 іс-шара 2022 жылға өтпелі.  Қалған 2 іс-шараның басталу мерзімі 2023 жыл болса, 1 іс-шара қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату қоқыс жағатын зауыттың құрылысы жобасын Министрлік тізімнен алып тастады.                    

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Экология департаментімен бірлесіп, тоқсан сайын жұртшылық өкілдерімен жол картасы іс-шараларының орындалуын талқылау бойынша кездесулер өткізілді.

 

отчет в министерство
Дата публикации
06 мая 2022