«Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу» қызметін көрсетуге арналған техникалық ерекшелік

Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша

 

«Экологиялық ағарту және насихаттау шараларды жүргізу»
қызметін көрсетуге арналған техникалық ерекшелік

Осы техникалық ерекшелік ҚР Қоғамдық даму министрлігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларына (2018 жылғы 15 тамыздағы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің №18 бұйрығы) сәйкес жасалған және конкурстық өтінімнің құрамдас бөлігі болып табылады және көрсетілген қызметтін сапалық, функционалдық және техникалық сипаттамаларын көрсетеді. Құжат жоба түрінде ұсынылуы және келесі ақпаратты қамтуы тиіс:

  1. Облыс тұрғындары арасында "Талбесік"табиғат және жабайы жануарлар дүниесін қорғау тақырыбына фото-бейне конкурс өткізу. Іс-шараның қорытындылары әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жариялануы тиіс.
  2. Тараз қаласының жастарын, студенттерін, жоғары сынып оқушыларын тарта отырып, саябақтар мен скверлерді абаттандыру бойынша іс-шаралар (сенбіліктер) өткізу. Жалпы саны 100 адамнан кем емес.
  3. Тараз қаласының 10 мектебінің аумағында "Менің атаулы ағашым" акциясын өткізу, Жалпы саны 1000 адамнан кем емес, көшеттер саны 1000 дана.

Көшеттер Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің питомнигінен жеткізіледі. Отырғызылған көшеттерге күтімді оқушылардың өздері жүзеге асырады.

  1. Жұртшылықтың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару мақсатында облыстық телеарналарда, әлеуметтік желілерде облыстық баспа басылымдарында кемінде 5 жарияланым әлеуметтік бейнероликтер көрсету арқылы ақпарат тарату, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мынадай тақырыптарға 3 жарияланым орналастыру:
  2. Қалдықтарды бөлек жинау туралы;
  3. Қағаз және мақта пакеттерінің пайдасына полиэтилен пакеттерін пайдалануға тыйым салынады.

Облыстық телеарналарда мемлекеттік және орыс тілдерінде аптасына 2 рет ұзақтығы кемінде 30 секунд әлеуметтік бейнероликтер дайындау және орналастыру-2022 жылғы мамыр - қазан.

Өзгеде талаптар

Барлық ақпараттық материалдарды (мәтіні, басылымы және дизайны) Тапсырыс берушімен келісу, баспаханаларда дайындау.Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар «Жоба Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады» деген мәтінді қамтуы тиіс.

Жобаның жүзеге асырылуын электронды түрде сайтқа орналастыру үшін, Тапсырыс берушіге ай сайын есеп беру. Бұқаралық ақпарат құралдарын мазмұнды жаңалықтармен қамтамасыз ету. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша ақпаратты Стандартқа сәйкес электронды және қағаз түріндегі материалдарды макеттерімен қоса шығармашылық есеп дайындау қажет.

Жоба аяқтағаннан кейін Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүргізеді. Бағалауды мемлекеттік органдар жанынан азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған сарапшылар кеңесі жүргізеді. Әлеуметтік жоба бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін алдын ала бағалауды көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есепті жариялағаннан кейін көрсетілген қызмет актісіне қол қойылады.

Барлық іс-шараларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізу қажет.

Жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2022 жылдың 30 қараша.

соц заказ казак
Дата публикации
30 марта 2022