ЕНПФ ввел новую опцию для работодателей

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ жұмыс берушілер үшін жаңа опцияны енгізді

Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.

Бұл сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді және сервис міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

БЖЗҚ мамандары 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі» тақырыбында өтетін Ашық есік күнінде жаңа сервистің қалай жұмыс істейтіні жөнінде айтып беретін болады.

Кездесуге Қор салымшыларының барлық санаттары, ең алдымен ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің қатысушылары шақырылады.

Іс-шараны өткізу барысында enpf.kz сайтында заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады. Қордың жауапты қызметкерлері тұрақты жарналар арқылы зейнетақы капиталын қалыптастыру қажеттілігі туралы және бұл үдерістегі қызметкердің, сол секілді жұмыс берушінің рөлі туралы айтып береді, сондай-ақ салымшыларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша жеке кеңес береді. 

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (сілтемені әрбір филиалға жеке жазу керек). Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу:

2022 жылдың 18  наурызында сағат 10-00 сілтеме:


https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edc93de36e1fe6881fb66450338129b69

 

event-мәжіліс нөмірі:  2519 835 8395

event-мәжіліс паролі: 00000

2022 жылдың 18  наурызында сағат 12-00 сілтеме:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ed92baaee051d993b07cfea83c414609d

event-мәжіліс нөмірі:   2518 343 8272

event-мәжіліс паролі: 00000

        

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

каз. ИС_новый сервис_кабинет ЮЛ
Дата публикации
15 марта 2022