Жоба
Жамбыл облысындағы жер үсті су объектілеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін,сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бекітілген жобалау құжаттамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес шаралар қабылдау үшін Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов ауданы, Талас және Шу аудандарының әкімдеріне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға беруге;
2) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев
«Жамбыл облысындағы жер үсті су объектілеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Шу-Талас
бассейндік инспекциясы басшысы
__________________ Г.Имашева
«____» ____________ 2022 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитарлық -
эпидемиологиялық бақылау комитетінің
Жамбыл облысы бойынша санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысы
___________________ Б.Шиналиев
«____» ____________ 2022 жыл