Reporter period 12 month of 2021

Есептік кезең 2021 жылғы 12 АЙЫ

Талдамалық анықтама

І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2021 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 3171.

Оның ішінде:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2021 жылдың 12 айында көрсетілгендер саны –1051 ( 33%)(жеке тұлға – 1050, заңды тұлға- 1);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 125   (67%)(жеке тұлға – 1060, заңды тұлға – 1065);

2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

1) Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 15 мекемеге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 7 мекемеден 304 бұзушылықтар (Жуалы, Байзақ, Луговой, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Бурыл-байтал) анықталған.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша аталған бағынысты мекемелерге шара қолдану бойынша арнайы ұсыныс жолданып, нәтижесінде 9 қызметкердің тәртіптік жазалары қаралды.

Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету бойынша, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету бойынша фактілер анықталды.

2) Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.

Сонымен қатар, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмаған.

Reporter period 12 month of 2021
Дата публикации
12 января 2022