Жамбыл облысы Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда әрқайсысы 120 га, 20 га алаңда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық жобаны бірінші іріктеуге қатысуға қызығушылық білдіруді сұрау

(Жамбыл облысы үшін хабарландырудың үлгілік нысаны)

 

 

Жамбыл облысы Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда әрқайсысы 120 га, 20 га алаңда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық жобаны бірінші іріктеуге қатысуға

қызығушылық білдіруді сұрау

 

 

         ВБ-ГЭФ-7 Қазақстандағы ландшафтарды қалпына келтіру жобасы (бұдан әрі – жоба) шеңберінде Жамбыл облысында агроорман өсіру үшін учаскелерді іріктеу рәсімдері басталды. Агроорман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыруды Дүниежүзілік банк гранттар түрінде жүзеге асыратын болады.

Жамбыл облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман пайдаланушыларды Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобасы шеңберінде Жамбыл облысының Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда әрқайсысы 20 га болатын 120 га алаңда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық жобаны бірінші іріктеуге қатысуға шақырады.

Іріктеудің негізгі критерийлері:

1) орман өсіру және бағбандық жүргізу үшін орман пайдалану шартының немесе жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттардың болуы;

2) учаскенің орналасқан жері, яғни учаскенің су көздеріне, елді мекендерге жақын орналасуы, кірме жолдардың, электр энергиясының болуы, жер бедері және топырақ;

3) жойылып бара жатқан сирек кездесетін және эндемикалық түрлердің сезімтал және бағалы экожүйелері мен «сындарлы» мекендеу орындарының болмауы;

4) агроорман шаруашылығы кіші жобалары үшін қызметтің қолайсыз түрлері тізбесінің талаптарын орындау жатады.        

Жамбыл облысының Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда әрқайсысы 20 га болатын 120 га алаңда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық жобаны бірінші іріктеуді Комиссия жүргізеді, оның құрамына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

         Мүдделі орман пайдаланушылар, жер пайдаланушылар, фермер және шаруа қожалықтары жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша мәліметтерді растайтын құжаттарды (өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, заңды немесе жеке тұлға өкілінің сенімхаты, орман пайдалану шарты немесе орман өсіру мен бағбандықты жүргізу үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы құжат, учаскенің еркін нысандағы сипаттамасы) қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша өз өтінімдері Жамбыл облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы «14» қаңтарға дейін Шу қаласы Айнакөл 27мекен-жайы бойынша жіберу қажет.

         Жамбыл облысы Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық жобаны бірінші іріктеуді жүргізу мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (872643) 5-08-00 телефон арқылы алуға болады.

 

 

 

        

Нысан

 

Қазақстандағы ландшафтарды қалпына келтіру ВБ-ГЭФ-7 жобасы шеңберінде агроорман шаруашылығы үшін учаскелерді іріктеу жөніндегі комиссияның төрағасына _______________________

                 (Аты-Жөні)

 ___________________________

   (Өтініш берушінің аты-жөні)

Өтініш берушінің мекен-жайы _______ __________________

Байланыс телефоны ______________

 

 

Жамбыл облысы Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда әрқайсысы 120 га, 20 га алаңда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық учаскелерін бірінші іріктеуге қатысуға

өтініш

 

 

Мені Жамбыл облысы Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында орман пайдалануды жүзеге асыратын фермерлік шаруашылықтарда әрқайсысы 120 га, 20 га алаңда агроорман шаруашылығы бойынша 6 пилоттық учаскелерін бірінші іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Мен____________________________________________________________

                                         (толық аты-жөні)

жобаны іске асыру жөніндегі операциялық басшылық айқындаған учаскелерді іріктеу критерийлермен таныстым.

Өтінішке қоса беремін (іріктеу өткізу туралы хабарландыруға сәйкес қоса берілуге тиіс құжаттар көрсетіледі):

1.___________________________________________________

2._____________________________________________________

3._____________________________________________________

4._____________________________________________________

 

Учаске бойынша қосымша келесілерді хабарлаймын:

 

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері _______________
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты ________________
  3. Шу қаласының шекарасынан қашықтығы _________________
  4. Электрмен жабдықтаудың болуы (ЭБЖ, гидро немесе жел генераторлары және т. б.)__________________________
  5. Кірме жолдардың болуы ____________________
  6. Ұңғымалардың болуы _________________
  7. Су қоймасына дейінгі қашықтық (өзен, көл) _________________
  8. Ұсынылған учаскеде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері _____________________

 

 

Күні ____________ Қолы ____________ Қолтаңбаның толық жазылуы _________________

 

Протокол

Запрос выражения интереса на участие в первом отборе 6 пилотных проектов по агролесоводству на площади 120 га, по 20 га каждый в фермерских хозяйствах, осуществляющих лесопользование на территории Коскудукского коммунального государственного учреждения по охране лесов и животного мира Жамбылской области
Дата публикации
23 декабря 2021