Жоба
«Жамбыл облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №381 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл облысы әкімдігінің «Жамбыл облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №381 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2507 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Нұржігітовке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев