ТОО «Амангельды Газ» "Анабай" Ұланбел ауылы

Жарияланған күні Хабарландыру
28.10.2021 жыл «Амангелды Газ» ЖШС, ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес 2021 жылғы 29 қарашада 15 сағ 00 мин. «Анабай кен орнын игеру (Газ жинау жүйесі мен газ жинау пункті) және Анабай-Жарқұм газ құбырының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылы, С. Сейфуллин көшесі, 4 мекен жайындағы ауылдық клубта ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында https://ecoportal.kz/, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында, танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында ұсынылады.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады «ЖерЖобаKZ» ЖШС Тараз қ. Тоқбергенов көшесі, 90, 2 этаж, электрондық пошта 9972181@mail.ru және 87076767982 телефондары бойынша алуға болады.


29.11.2021 год
Жерге орналастыру жобасы
Газеттегі хабарландыру
Хаттама
Дата публикации
28 октября 2021