Жоба
«Су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 116 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы №116 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3886 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Нұржігітовке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев