2021 жылдың 24 қыркүйегінде БЖЗҚ АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді
Қазіргі уақытта барлық зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды міндеттерінің бірі зейнетақыны жоспарлау болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазір 25 жасқа толмаған жастар өздерінің қарттық шағы туралы сирек ойланады. Алайда уақыт өте тез өтеді. Сондықтан болашақта өз келешегіңіз үшін салған инвестицияның пайдасын көру үшін зейнетақыңызды жастайыңыздан жоспарлау қажет.