Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 24 миллионнан астам қызмет алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың жеті айында өз салымшыларына 24 миллионнан аса қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47% көп.  

Салымшылар мен алушыларға электрондық форматта көрсетілген қызметтер бұрынғысынша басымдыққа ие. Жыл басынан бері сандық технологиялардың көмегімен шамамен 17,3 миллиондай қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 72% тең. Былтырғы жылмен салыстырғанда, онлайн қызметтердің танымалдылығы бір жарым еседен аса өсті.  

БЖЗҚ өз қызметтерінің көптеген түрлерін автоматты форматқа ауыстыруда. Қазір міндетті және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарын Қорға жүгінбей-ақ, автоматты режимде (алғашқы жарна түскен кезде) ашуға болады. Уәкілетті операторлардан түскен өтініштер бойынша арнайы шоттарға біржолғы зейнетақы төлемдері де аударылып, тағы басқа да қызметтер көрсетіледі. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейінгі аралықта осындай операциялардың шамамен 4,3 миллионы іске асырылды, ол барлық көрсетілген қызметтер көлемінің 17,7% .

Дата публикации
14 сентября 2021