2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі 01.01.2021ж. бастап 31.07.2021ж. дейінгі кезең ішінде 821,5 млрд теңгеден асып түсті. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқарушы ретінде 2021 жылдың басынан бері түсірген инвестициялық табысының мөлшері 821, 40 млрд теңге болды.
Инвестициялық табыс құрылымы, сондай-ақ, зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.