БЖЗҚ төлемге жүгінбеген 28 мың зейнеткерді тапты

Биылғы жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде зейнеткерлік жасқа жеткен, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген тұлғалардың бар-жоқтығын салыстыру жұмыстарын жүргізе бастады.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ деректер базасында зейнет жасына жеткен, бірақ БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын төлеуге өтініш бермеген алушылардың, жалпы көлемі 13 миллиард теңгеге жуық 177 мың жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болды.

Дата публикации
14 сентября 2021