| 25.06.2021 жыл |
«Амангелді Газ» ЖШС 2020 жылғы 16 шілдеде сағат 15:00-де Жамбыл облысы, Талас ауданы Ойық ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 17, А. Тажимбетов атын мәдениет үйі мекен жайы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін жұртшылықтың назарына жеткізеді. Күн тәртібі: Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мемлекеттік орман қоры аумағынан алаңы 4479,01 га жер учаскесін орман қоры жерлері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы: Айрақты кен орнынан көмірсутегі шикізатын өндіру үшін. Ұсыныстар мен ескертулер үшін, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларға ұсынылатын материалдармен танысуға болатын байланыс деректері: «Амангелді Газ» ЖШС өкілі Бердимуратов П.У., berdimuratov.p@ecoservice.kz , +7 707 727 8630 Құжаттаманы әзірлеуші «ЖерЖобаKZ» ЖШС. Жұртшылық өкілдері жоба материалдарымен қағаз түрінде танысатын мекен жай. Тараз қ. Тоқбергенов көшесі, 90, 2 этаж. 9972181@mail.ru . Телефон +7 707 676 7982. Ұйымдастыруға жауапты Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы. Бас маман С. Ағабек. Мекен жай: Тараз қаласы, Абай даңғылы 133, 87262 -45-44-15, uprzhambyl_lesotdel@mail.ru .
|