Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                             23 қаңтардағы Заңына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарыА.Мадиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                      Б. Сапарбаев

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2021 жылғы «__» сәуірдегі

№ ___ қаулысынақосымша

 

 

Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 1.Осы Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы кодекс) 278-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленген және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама (бұдан әрі - экономикалық сараптама) жүргізу тәртібін анықтайды.

  1. Экономикалық сараптама жергілікті атқарушы органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жұмыс тобы шешімімен осындай сараптама жүргізу үшін жіберілген кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жүргізіледі.

 

 

  1. Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібі

 

3. Экономикалық сараптаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органнан (келісімшарттың тарабы болып табылатын мемлекеттік органнан) құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізеді, оның ішінде:

1) кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісімшартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізуге рұқсат берілгені және сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, келіссөздер жүргізудің басталуы туралы құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) хабарлама хатының көшірмесін;

2) келісімшарттарға толықтырулар жобаларының шарттарын қарау және жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу жөніндегі құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жұмыс тобының отырысы хаттамасының көшірмесін;

3) толықтыру жобасын;

4) жұмыс бағдарламасының жобасын.

Жергілікті атқарушы органнан (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органнан) экономикалық сараптама жүргізу үшін жіберілетін құжаттар Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ресми түрде ұсынылады.

  1. Экономикалық сараптама:

1) бекітілген жобалау құжаттарына толықтыру жобасында болжанатын жұмыс көлемі мен тиісті шығындардың экономикалық негізділігін бағалауды;

2) жобаның бюджеттік тиімділігін бағалауды қамтиды.

  1. Экономикалық сараптама жүргізу нәтижесі жазбаша түрде ресімделген, сараптамалық қорытынды болып табылады.
  2. Толықтыру жобасының сараптама қорытындысы:

1) ұсынылған құжаттар тізбесін; 

2) мынадай шешімдердің бірін:

қарау нәтижесінде кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісімшартқа толықтыру жобасын келісуді;

болжанатын жұмыс көлемі мен тиісті шығындардың жобалау құжаттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қағидатты түрде сәйкес келмеуі анықтауға байланысты кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісімшартқа толықтыру жобасын келісуден бас тартуды қамтиды.

  1. Кең таралған пайдалы қазбаларға арналған келісімшартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы келісімшарт жасауға ниетті жер қойнауын пайдаланушыға (бұдан әрі –әзірлеуші) сараптама қорытындысының көшірмесін бір мезгілде жолдай отырып, сараптама қорытындысы жергілікті атқарушы органға (келісімшарттың тарапы болып табылатын, мемлекеттік органға) жіберіледі.
  2. Қайталама экономикалық сараптама әзірлеушіден толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап, осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімде сараптама қорытындысында көрсетілген сәйкессіздіктерді жою үшін жүргізіледі.

9. Қайталама экономикалық сараптаманың қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды бір мезгілде көшірмесі жергілікті атқарушы органға (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) жіберіле отырып, әзірлеушіге жіберіледі.

Жамбыл облысындағы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
27 апреля 2021