| 19.02.2021 жыл |
"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы «Республикалық маңызы бар «Мерке-Бурылбайтал» 7-273 шақырым аралығында автокөлік жолын қайта жаңарту «Күрделі жөндеу (Тәтті ауылы 39+426 - 41+620 шақырым, Шу қаласы 93- 535 - 124+385 шақырым, Бірлік ауылы 158+415 - 161+170 шақырым, 198 шақырымдағы шағын – ЖПП ғимараттары мен ғимараттар құрылысы)» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын қарастыру жөнінде ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізеді Қоғамдық тыңдау өткізу күні, уақыты және орны: - 2021 жылдың 19 наурыз күні, сағат 11-00 -де, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Хантау ауылдық округі, Хантау ауылы, Биназар көшесі 3Б мекенжайында орналасқан Хантау ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында. Жергілікті атқарушы органның атауы – «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері – «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы Ағабек Серік, байланыс телефоны: 8 (7262) 43-68-08. Ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайы – upr.taraz@zhambyl.gov.kz. Жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы - https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/activities/directions?lang=kk. Жұртшылық өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға мүмкін болатын орнының мекенжайы - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган - "Мемсараптама" РМК. Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері - "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Жамбыл облыстық филиалы, байланыс деректері – Тараз қаласы, Таукехан көшесі 1а, байланыс телефоны – 8-7262-316004. Тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекенжайы – zhambyl.info@qaj.kz. Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері – «Каздорпроект» ЖШС, байланыс деректері - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы, байланыс телефоны - 8(727) 2555638, электрондық пошта - kazdor@yandex.ru. Барлық сұрақтармен келесі мекенжайларға хабарласуға болады: - Тараз қаласы, Таукехан көшесі 1а мекенжайы, байланыс телефоны – 8-7262-316004, "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Жамбыл облыстық филиалы. - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы, телефон - 8(727) 2555638, «Каздорпроект» ЖШС-і. Қоғамдық тыңдауға қатысуға жергілікті тұрғындар, мүдделi жұртшылық, қоғамдық ұйымдар және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.
|