СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТОГРАММАСЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ КАРТОГРАММАСЫ

 

Картограмма Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2026 жылғы 02 маусым–14 шілде аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, анықталған кемшіліктердің жойылуы туралы анықтама және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі негізінде әзірленді.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

 

№

Тәуекел аймағы / анықталған тәуекел

Тәуекелдің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар

Ықтимал салдары

Тәуекелге бейім лауазымдар

Қолданыстағы және қабылданған алдын алу/бақылау шаралары

Жою жөніндегі іс-шара

Мерзімі

Жауапты

Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

1

«E-Otinish» ақпараттық жүйесін қызметтік хат алмасу үшін пайдалану

Басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметтік құжаттарды азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеуге арналған «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жолдауы; ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің жеткілікті деңгейде сақталмауы.

Азаматтардың өтініштері бойынша статистикалық мәліметтердің бұрмалануы; есепке алынуға жатпайтын қызметтік құжаттарды тіркеу және өңдеуге қосымша ресурстардың жұмсалуы; құжат айналымы тәртібінің бұзылуы.

Басқарманың жауапты мамандары; басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің басшылары және жауапты қызметкерлері.

Барлық қарасты мекемелерге «E-Otinish» ақпараттық жүйесін қызметтік хат алмасу үшін пайдалануға жол берілмейтіні түсіндірілді; қызметтік хат алмасуды электрондық құжат айналымы жүйесі және өзге де тиісті ресми байланыс арналары арқылы жүргізу қажеттілігі жеткізілді; бұзушылыққа жол берген тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралып, тиісті шаралар қабылданды.

«E-Otinish» ақпараттық жүйесін тек оның белгіленген мақсаты мен қолданыстағы талаптарға сәйкес пайдалану; қызметтік хат-хабарды электрондық құжат айналымы жүйесі және өзге де белгіленген ресми арналар арқылы жүргізуді қамтамасыз ету; қызметкерлерге жүйені пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу.

2026 жылғы III тоқсан

Басқарманың жауапты маманы, басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердің басшылары

«E-Otinish» ақпараттық жүйесін белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану қамтамасыз етіледі, қызметтік хат-хабардың өтініштер жүйесіне негізсіз енгізілуіне жол берілмейді.

Дата публикации
22 сентября 2026