""ЕвроХим-Каратау"" ЖШС №26043031003

Орналастыру күні Хабарландыру
24.08.2026 «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ашық жиналыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы: «Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша зауытты салу. Түзету 2 (сметалық құжаттамасыз)» Ықтимал әсерлері туралы есеп жобасына қатысты Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
Аумағына әсері тию мүмкін және аумағында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан а.о., Әшір Бүркітбаев ауылы.
Географиялық координаттары: 43°31 '36.71" С; 69°33 '40.99" Ш.
Қоғамдық тыңдаулар: 2026 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 15:00-де Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан а.о., Әшір Бүркітбаев ауылы, Мәдениет үйінде өтетін болады.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттармен, ал қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен ақпараттық жүйеде – Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінде https://ndbecology.gov.kz/ сілтемесі бойынша және облыстың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында: «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/documents/1?directions=_8220 танысуға болады.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан а.о., Әшір Бүркітбаев ауылы, Мәдениет үйі мекенжайы бойынша 2026 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 15:00-де өтетін бейнеконференцбайланыс үшін Qosyl платформасына сілтеме:
https://meet.qosyl.kz/meeting?room=952527857010
Конференция сәйкестендіргіші:: 952-527-857-010
Белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы – «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС; БСН 130640023294; 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Аль Фараби даңғылы, 17/1 үй, 5Б блок, №14 офис; Абубакирова А.А., тел.: 8 (775) 444-40-62, eurochem.karatau@eurochem.kz
Ықтимал әсерлер туралы есепті әзірлеуші – «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС; БСН 040940003211; Алматы қ., Райымбек даңғылы, 160 А; Жунисбекова Е.Б., тел. 8 (705) 666-44-42, Y.Zhunisbekova@kgnt.kz
Көзделіп отырған қызмет, өткізілетін қоғамдық тыңдаулар туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін Y.Zhunisbekova@kgnt.kz электрондық поштасы және 8 (705) 666-44-42 телефон нөмірі арқылы алуға болады;
Жұртшылық пен мүдделі жұртшылық ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда) облыстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және облыстағы жергілікті атқарушы органның электрондық поштасына және пошталық мекенжайына жібере алады:
- ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, пошталық мекенжайы: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көш., 8, 14-кіреберіс, эл. мекенжайы: kerk@ecogeo.gov.kz, тел. 8 (7172) 74-08-55.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ, пошталық мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай көш., 133 А үй, эл. мекенжайы: upr.taraz@zhambyl.gov.kz, s.agabek@zhambyl.gov.kz, тел. 8 (7262) 45-15-03.  материал
 

хаттама

видео

материал
Дата публикации
24 августа 2026