| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 24.08.2026 | 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел ауылдық округі, Тасөткел ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, 16, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп мекенжайы бойынша «Yonggang Central Asia Iron and Steel» ЖШС-нің «Jibek Joly» АЭА аумағында металлургиялық комбинат салу» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде жоспарланып отырған қызметтің ықтимал әсерлері туралы есеп бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде енгізіледі. Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі. Тыңдаудың Qosyl, платформасында өткізілетін видеоконференциясына мына сілтеме арқылы қатысуға болады: https://meet.qosyl.kz/meeting?room=956383877810. Идентификатор конференции 956-383-877-810. Конференцияға қосылу сұрақтары бойынша 8 (777) 064 98 95 телефонына хабарласуға болады. Қосымша ақпарат алуға болатын байланыстар мен электрондық пошта: тел. 8 (777) 064-98-95, e-mail: makeyeva.karina@ecoair.kz. Тапсырыс беруші: «Yonggang Central Asia Iron and Steel» ЖШС, БСН 240840034418, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел а.о., Тасөткел ауылы, «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағы, ғимарат 10, YonggangCAIS@ycais.kz. Географиялык координаттары: 43.46915° С, 73.61322° Ш. Әсер ету аумағы: Тасөткел ауылы, Шу ауданы. Әзірлеуші: «ECO AIR» ЖШС; БИН 050940002909; ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Беспалов көшесі, 51А; тел. 8 (7232) 41-06-87. Жергілікті атқарушы орган – «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ, тел. 8 (7262) 45-45-78, сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat. Жоба бойынша құжаттамалар Қоршаған ортаның жағдайы және ресурстарды сақтау туралы Ұлттық деректер банкі – https://hearings.ndbecology.gov.kz/ «Ашық жиналыстар» бөлімінде сайтында жарияланған. Ескертпелер мен ұсыныстар https://hearings.ndbecology.gov.kz/, s.agabek@zhambyl.gov.kz. электрондық пошталары бойынша қабылданады. материал |