| 10.06.2026ж. |
«Актас Энерджи» ЖШС ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.Жоба тақырыбы:500 кВ «Шу» қосалқы станциясы Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы аумағында орналасқан. Шу ауданының әкімшілік орталығы болып табылатын Шу қаласы «Шу» қосалқы станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км қашықтықта орналасқан.Осы жоба аясында 500 кВ «Шу» қосалқы станциясын реконструкциялау шеңберінде келесі жұмыстар көзделеді:
- 500 кВ ашық тарату құрылғысын (АТҚ) екі ұяшыққа кеңейту;
-
сыртқы қоршауды, күзет дабылын, күзеттік жарықтандыруды және бейнебақылау жүйесін көшіру;
-
алаңішілік автомобиль жолдары мен технологиялық өтпе жолдарды асфальтбетон жамылғысымен салу;
-
жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу;
-
қолданыстағы қосалқы станция аумағында релелік қорғаныс және автоматика (РҚА), апатқа қарсы автоматика (АҚА) және байланыс жүйелерінің жаңа шкафтарына арналған 500 кВ тарату қалқанының жеке орналасқан блокты-модульдік ғимаратын салу.
500 кВ ашық тарату құрылғысын оңтүстік бағытта екі желілік ұяшыққа кеңейту сыртқы қоршауды 75 метрге жылжыту арқылы жүзеге асырылады.500 кВ ашық тарату құрылғысын кеңейту қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасы аясында үш жаңа 500 кВ ұяшықтарының құрылысын ескере отырып орындалады.Қоғамдық тыңдау 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 10:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді:Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қалалық әкімдігі, Шу қаласы, Арқалық көшесі, 7-үй, Мәдениет үйі.Онлайн қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет:https://meet.qosyl.kz/meeting?room=925506153461Qosyl платформасындағы конференция идентификаторы:992-001-876-709Бастамашы: «Актас Энерджи» ЖШС.Жобалық құжаттаманы әзірлеушінің деректемелері:«Актас Энерджи» ЖШС, БСН 201040005619, тел.: +7 (777) 261-56-57, электрондық пошта: teren.dcc@totalenergies.com.Қоғамдық тыңдау материалдарымен келесі интернет-ресурстар арқылы танысуға болады:https://ndbecology.gov.kzhttps://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat?lang=kkЕскертулер мен ұсыныстарды Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қабылдайды.Электрондық пошта: s.agabek@zhambyl.gov.kzМекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі, 133А. материал |