
1. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді.
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасайды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасайды.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасайды.
4. Өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
5. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша лицензиялық міндеттемелерді орындау туралы есепті қабылдайды.
6. Кен іздеушілікке арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушыдан өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы кезеңдік есепті қабылдайды.
7. Кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындайды.
8. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды.
9. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруді, жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер енгізуді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді жүзеге асырады.
10. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекітеді.
11. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша комиссия ережесін және оның құрамын бекітеді.
12. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүргізеді
13. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы жүзеге асырады.
14. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензияны қайтарып алуды қамтамасыз етеді.
15. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат береді.
16. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының ұсынысы негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді.
17.Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету;
18. Басқарманың нормативтік және құқықтық құжаттарының, комиссия мәжілістері хаттамаларының және басқа да заңды белгілеу құжаттарының уақтылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету.