
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 19982 болып тіркелді) бүгінде 10 (он) мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде. Оның ішінде, 9 (тоғыз) мемлекеттік қызмет түрі тізілімге бойынша тек қана электрондық нысанда беріледі. Атап айтқанда:
1. II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру”;
2. Жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;
3. “Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру”;
4. “Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру”;
5. “Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру”;
6. “Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу”;
7. “Ағаш кесу және орман билетін беру”;
8. “Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру”;
9.“Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу”;
10.“Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру (Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиоративтік аулау, өсімін молайту мақсатында аулау), (Балық шаруашылығы саласында жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалану)”.
Осы қызмет түрлерінің 9–ы басқарма тарапынан көрсетілетін болса, “Ағаш кесу және орман билетін беру” мемлекеттік қызмет түрін басқармаға қарасты аудандарда орналасқан 15 орман шаруашылығы мекемелері көрсетеді.