GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 октября 2026
Жамбылдық спортшылар жазғы Азия ойындарында топ жарды

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғаған жамбылдық спортшылар туған жеріне жеңіспен оралды.

2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өткен байрақты додаға Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы сапында Жамбыл облысынан 12 спорт түрінен 35 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жамбылдық спортшылар 6 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына қомақты үлес қосты.

Атап айтқанда, дзюдодан Елдос Сметов күміс медаль иеленсе, ушудан Абдурашид Абдуллаев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ су добынан Сұлтан Шонжигитов, Ақжан Адай, Нұрасыл Сәтберген және Эдуард Цой күміс медаль жеңіп алды. Ал кураштан Арайлым Шегенова қола жүлдені еншіледі.

Жеңіспен оралған спортшыларды туған жерінде салтанатты түрде күтіп алу рәсімдері ұйымдастырылды. Жамбылдықтар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларға құрмет көрсетіп, олардың жеңістерін зор қуанышпен қарсы алды.

Биылғы нәтиже Жамбыл облысы спортшыларының өткен Азия ойындарындағы көрсеткішінен жоғары болды. Атап айтқанда, 2023 жылы Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарында облыс спортшылары 1 күміс және 3 қола медаль иеленген болатын.

Ал биылғы додада жамбылдық спортшылар жалпы 7 медаль жеңіп алды.

Жамбылдық спортшылардың бұл жетістігі – олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының, бапкерлердің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Азия ойындарында топ жарған саңлақтарымыз ел мерейін асырып, Жамбыл спортының абыройын асқақтатты.

15 сентября 2026
Жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетілді


Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған жамбылдық спортшыларды қабылдап, оларға құрмет көрсетті.

2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен дүбірлі додаға 43 спорт түрінен 113 елдің 3 мыңға жуық спортшысы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 74 жүлдемен бірінші орынға ие болды.

Бұл жетістікке Жамбыл облысының спортшылары да лайықты үлес қосты. Ұлттық құрама сапында сынға түскен 22 жерлесіміз 8 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел қоржынына жалпы 26 медаль салды.

Өңір басшысы спортшылар мен олардың бапкерлерін айтулы жетістіктерімен құттықтап, жоғары нәтижелер қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі екенін атап өтті.

Салтанатты шара барысында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдеге ие болған жамбылдық спортшыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен арнайы сыйлықтары, сондай-ақ қаржылай сертификаттар табысталды.

28 августа 2026
Таразда спорт саласы қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз арена спорт сарайында «Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған спорт ұйымдары қызметкерлері арасында облыстық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ауқымды спорттық шараға облыстың түкпір-түкпірінен 56 команда, жалпы саны 1000-ға жуық сала мамандары қатысты.

Спартакиаданың басты мақсаты – спорт саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және кәсіби мерекені жоғары деңгейде атап өтті.

Спорттық дода барысында қатысушылар футбол, арқан тарту, қол күресі, асық ату және үстел теннисі спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Іс-шарада спорт ұйымдарының қызметкерлері аталған спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.

Сонымен қатар, «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып, еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталып, олардың еңбегі мен кәсіби жетістіктері атап өтілді.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

26 августа 2026
Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асанхан Төрехан елге оралды

Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асанхан Төреханды күтіп алу рәсімі өтті.

Жамбылдық спортшыны туған-туыстары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері салтанатты түрде күтіп алды.

7-14 тамыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен қыздар, юниорлар мен юниор қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы сапынан 28 спортшы қатысып, ел намысын халықаралық аренада қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлеттер түрлі дәрежедегі жүлделерге ие болды.

Солардың қатарында Жамбыл облысының спортшысы Асанхан Төрехан да бар. Ол Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, өзінің жоғары шеберлігі мен табандылығын көрсетті.

Жамбылдық спортшының бұл жетістігі – өңірдегі ауыр атлетика мектебінің әлеуетін айқын көрсетіп, отандық спорттың халықаралық аренадағы абыройын арттыра түсті.

26 августа 2026
Әлем чемпионы Ернұр Сүлеймен елге оралды

Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында қазақ күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Сүлеймен Ернұрды күтіп алу рәсімі өтті.

Аталған дүбірлі додаға 30 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан құрамасы сапынан 8 ұл және 8 қыз спортшы бақ сынады. Олардың қатарында Жамбыл облысының спортшылары да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 60 келі салмақ дәрежесінде Сүлеймен Ернұр және 65 келі салмақ дәрежесінде Өтеулі Сезім жоғары шеберлігі мен табандылығының арқасында Әлем чемпионы атанып, халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатты.

Жеңімпаз спортшыны күтіп алу рәсіміне Жамбыл облысының спорт саласының өкілдері, ардагерлер, спортшылар, жаттықтырушылар, туған-туыстары мен жанкүйерлер қатысты.

Ернұр Сүлейменнің бұл жоғары жетістігі — отандық спорт саласы мен Жамбыл облысының күрес мектебінің халықаралық деңгейдегі мерейін үстем еткен айтулы жеңіс болып табылады.

03 июля 2026
Меркіде еркін күрес шеберлерінің қатысуымен «Merke wrestling» жолдастық кездесу өтті

Меркі ауданындағы орталық стадионында Жамбыл облысы мен Өзбекстан құрама командаларының еркін күрес шеберлерінің қатысуымен «Merke Wrestling»  атты жолдастық кездесу өтті.

Күрес алаңында жамбылдық және өзбекстандық нағыз батырлар бас қосты.

 Боз кілемде әулиеаталықтардан Әлем және Азия чемпионаттарында топ жарып жүрген Рахат Қалжан (57 кг), Нұрланбек Әбдінұр 61(кг), Дүйсенқұл Қуаныш (70 кг), Мейіржан Аширов (74 кг), Дәулет Ергеш (79 кг), Нұрдаулет Қуанышбай сынды спортшылар бақтарын сынады.

03 июля 2026
Қазан қаласында (ресей федерациясы) өткен ат үстіндегі белбеу күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы Нұржігіт Әмзеевті күтіп алу рәсімі өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз арена спорт сарайында Қазан қаласында (Ресей федерациясы) өткен ат үстіндегі белбеу күресінен Әлем чемпионатының жеңімпазы Нұржігіт Әмзеевті күтіп алу рәсімі өтті.

Аталған әлемдік додаға Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 6 спортшы қатысып, ел қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль салды.

Жамбыл облысының намысын қорғаған Нұржігіт Әмзеев ат үстіндегі тартыста қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жоғары шеберлігі мен табандылығының арқасында Әлем чемпионы атанып, Қазақстанның көк туын көкке көтерді.

Әлем чемпионын күтіп алу рәсіміне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, бапкерлер, спортшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жанкүйерлер қатысты.

 

03 июля 2026
«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды

Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ел біріншілігінің дүбірлі додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыстың топтық кезеңінде жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсеткен Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы жартылай финалда Алматы облысының құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші кездесуде жамбылдық көкпаршылар Шымкент қаласының командасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстан Республикасының 16 дүркін чемпионы атанып, ел спорты тарихындағы жарқын жеңістерінің бірін тіркеді.

03 июля 2026
Қазақстан республикасының жаңа конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен спорт саласы қызметкерлері мен спортшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңес өтті.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары, оның елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызы, заң үстемдігін нығайтудағы рөлі және мемлекеттік саясатты іске асырудағы басым бағыттары жан-жақты талқыланды.

 Сондай-ақ конституциялық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Жиынға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, спорт ұйымдарының басшылары, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.

 

24 июня 2026
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жария талқылау өткізілді

2026 жылғы 24 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді.

Іс-шара барысында жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары қаралып, анықталған тәуекелдерді жоюға бағытталған ұсынымдар талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша басқарма қызметінің ашықтығын арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіруге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған ұсыныстар мақұлданды.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы