"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 242 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 5585 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 26.02.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      облыс әкімі К. Аксакалов

 

 

  Cолтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _________ № __ қаулысымен бекітілді

 

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелді) бекітілген "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді.

      "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не осы регламенттің 6-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылғаны туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы регламенттің 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      5. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының (не заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесін ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін бастауға негіздеме болып табылады.

      1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;

      2) оқуға түсушінің жеке сәйкестіндіру номері бар туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) таңдаған спорт түрімен шұғылдануға учаскелік дәрігер берген рұқсатнамасы бар медициналық анықтама;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген № 088/у нысанындағы медициналық құжат (тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитарлық сараптама анықтамасын мүгедектер тапсырады).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) осы регламенттің 5-тармағына сәйкес еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру спорт мекемелері түрлерінің тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелді) бекітілген Жоғары дәрежелі спортшылар мен спорттық резервті даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт мектептерінің қызмет қағидаларының 9-1, 10-1, 11-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне қарауға береді – 5 (бес) минут.

      Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылында алғашқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау 20 (жиырмасыншы) қыркүйекке дейін қоса алғанда жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері регламенттің 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді 5 (бес) минут;

      8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, қарауға беру;

      2) құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

      кеңсе қызметкері;

      жауапты орындаушы.

      10. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және оларды тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне қарауға береді – 5 (бес) минут;

      Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылында алғашқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау 20 (жиырмасыншы) қыркүйекке дейін қоса алғанда жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері регламенттің 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді 5 (бес) минут;

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

      12. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V19S0005585 

Дата публикации
07 июня 2024