«Олимпиада, Пралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»

«Олимпиада, Пралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»

Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану ҚАҒИДАЛАРЫ

1-бөлім. Жалпы ережелер

  1. Осы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-5) тармақшасынасәйкес әзірленген және Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) коммуналдық тұрғынжай қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғынжайлар;

      2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);

      3) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

  1. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлеріне тұрғынжайды беруді қаржыландыру Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің ресми шешімі немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай ЖАО спортшының тұрғылықты жеріне және алған жүлделі орнына байланысты облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардан береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде беріледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай шарттар белгіленеді:

      1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;

      2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге – екі бөлмелі пәтер;

      3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге – бір бөлмелі пәтер.

  1. Бір Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда бір медальдан артық алған тұлғаларға көрсетілетін қызметті берушіден тұрғынжай алу құқығы бір рет беріледі.

2-бөлім. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібі

  1. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы (бұдан әрі – федерация) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді.
  2. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға электронды түрде жібереді.

      ЖАО Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алғанын растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі тіркелуі болып табылады.

  1. ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 3 (үш) жұмыс күні ішінде Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) оларға тұрғынжай берілетіндігі туралы хабарлама жібереді.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжаттардың топтамасын ұсына отырып, өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (портал арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Мемлекеттік корпорациясы, Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – бөлімше) хат жібереді, ол 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Бөлімше хатты қарағаннан кейін оны тұрғын үй комиссиясының қарауына жібереді.

      Тұрғын үй комиссиясы хатты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі негізінде, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы қаулысын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тұрғын үй комиссиясының шешімі теріс болған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссияның оң шешімі болған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖАО әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй беру туралы қаулысын, комиссияның теріс шешімі болған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. ЖАО әкімдігі тұрғынжайды беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тұрғынжайды пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

      18 Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушымен шарт 10 (он) жыл мерзімге жасалады.

      Шарт жасасқан күннен бастап 10 (он) жыл өткен соң көрсетілетін қызметті алушылар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады.

  1. Тұрғынжай берілген көрсетілетін қызметті алушылар қайтыс болған (қаза болған) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген допинг сынамасының нәтижесіне және мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза болған) адамның мұрагерлеріне өтеді.
  2. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан – олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.

      Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.

  1. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде жүлделі орын берілген кезде, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың қатысушысына осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
  2. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде неғұрлым жоғары жүлделі орын берілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
  3. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық спорттық федерацияның жарыс хаттамасын немесе спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімін жібереді.
  4. Допингті қолданған немесе пайдалануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылғанда, көрсетілетін қызметті алушымен осы Қағидалардың 19 тармағына сәйкес 10 жылға жасалған шарт бұзылады.
  5. Көрсетілетін қызметті беруші Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын және (немесе) спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімнің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
  6. Шартты бұзу көрсетілетін қызметті алушыдан шартты бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде тұрғынжайды көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруға әкеп соғады.
  7. Тұрғынжайды қайтарудан бас тартқан жағдайда, шартты бұзу сот тәртібімен жүзеге асырылады.

3-бөлім. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020438 

Дата публикации
07 июня 2024