«ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разряд және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі біріншісанатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»

Спорттық атақтар, разрядтар
және біліктілік санаттарын беру
және олардан айыру, омырауға
тағатын белгілерді беру
қағидалары, сондай-ақ олардың
сипаттамасына 2-қосымша

"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация - Кодекске сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/memleket/entіtіes/sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) "Спорт шеберіне кандидат" спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
2) "1-разрядты спортшы" спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
алдыңғы санатты беру куәлігінің көшірмесі немесе ол туралы бұйрықтан үзінді көшірме;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен куәландырылған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыс федерациясы мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) тізімінің көшірмесі;
4) "біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер", "біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер" біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;
5) "біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы димпломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
6) "бірінші санатты спорт төрешісі" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;
қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
порталға:
1) "Спорт шеберіне кандидат" спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ұсыныс;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
2) "1-разрядты спортшы" спорттық разрядын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ұсыныс;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы алдыңғы санатты беру куәлігінің көшірмесі немесе ол туралы бұйрықтан үзінді көшірме;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен куәландырылған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыс федерациясы мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) тізімінің көшірмесі;
4) "біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер", "біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер" біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;
5) "біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы білімі туралы димпломның көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
6) "бірінші санатты спорт төрешісі" біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары

Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етуді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Жүктеу

"Қазақстан Республикасының
спорт шеберлігіне кандидат,
1-разрядты спортшы cпорттық
разрядтар және біліктілігі
жоғары деңгейдегі бірінші
санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі
бірінші санатты жаттықтырушы-
оқытушы, біліктілігі орта
деңгейдегі бірінші санатты
жаттықтырушы, біліктілігі орта
деңгейдегі бірінші санатты
жаттықтырушы-оқытушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі
бірінші санатты әдіскер,
біліктілігі орта деңгейдегі
бірінші санатты әдіскер,
біліктілігі жоғары деңгейдегі
бірінші санатты нұсқаушы-
спортшы, бірінші санатты спорт
төрешісі біліктілік санаттарын
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

ҰСЫНЫС

Спорт түрі

Атағы

Фотосурет орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Ведомство

Спорт мектебі

Оқу, жұмыс орны

Білімі

"Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білімі

Спортпен шұғылдану өтілі

Үй мекенжайы

Алдыңғы разряд

Атақ берілген немесе расталған күн

Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жаттықтырушылық санаты

Бастапқы дене шынықтыру ұйымы
Басшы ________
Мөр орны
20___ жылғы "__"___

Дене шынықтыру және спорт бөлімі
(қала, аудан)
Басшы ________
Мөр орны
20___жылғы "__"___

Спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы
Басшы ________
Мөр орны
20___жылғы "__"___

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні (күні, айы, жылы)

Жарыстардың атауы

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі

Төреші лауазымы

Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қала (ел)

Төрешілік санаты

Бас төреші

Бас хатшы

Аға төреші

Жүктеу

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020529

Дата публикации
07 июня 2024