Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

          ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы (әрі қарай – Басқарма)              6 мемлекеттік қызмет түрін (кіші түрімен қосқанда 15 мемлекеттік қызмет) көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 1,1% - ын құрайды (1324).

          Оның ішінде:

            -  мемлекеттік корпорация арқылы - 13 қызмет;

            -  қағаз түрінде - 4 қызмет;

            -  электронды түрде - 16 қызмет көрсетеді.

          2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 7,4 %-ға немесе 657-ке көбейді (2022 жылы 8876  қызмет көрсетілген).

          2023 жылдың 12 айында басқармамен 905 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, басқармаға бағынысты спорт мекемелерімен 8628 мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлығы 9533 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          Оның ішінде:

            - Электрондық түрде - 905 қызмет;

            - қағаз түрінде - 8628 қызмет;

Атап айтқанда, сұранысқа ие «ҚР спорт шеберлігіне кандидат», «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» қызметтері кіреді (ҚР спорт шеберлігіне кандидат - 793, Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау – 8530).

2023 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген, мерзімі кешіктірілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Тұтынушылардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасына, лауазым иелерінің үстінен арыз-шағым түскен жоқ.

Есепті кезеңде бекітілген жоспарларға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді (2 ведомстволық бағынысты ұйымдар қамтылды).

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып өткізілді.

          Іс-шаралар қорытындысы бойынша 52 бұзушылық анықталды:

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 16 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 36 фактісі.

          Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 4 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 1 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (1–«ескерту»).

2023 жылы Басқармаға бағынысты мекемеден мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 3 қызметкер өтті.

          Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 9266 адамды қамти отырып, 213 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.).

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 266 (оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы – 57 дәлелді бас тарту, электронды түрде – 209 дәлелді бас тарту). Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері спорт басқармасымен тұрақты бақылауда.

Дата публикации
31 мая 2024