ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

                                                                                 

Есеп нысанына қосымша

 

Талдамалық анықтама

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында 6 мемлекеттік қызмет түрі бар.

Оның ішінде 4 мемлекеттік қызмет басқармамен тікелей көрсетілетіледі.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда көрсетіледі.

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» және «ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғыры  деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.

Ал, «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру», мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы көрсетіледі.

Сонымен қатар, 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқарма бағынысындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен көрсетіледі «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» және «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» Олар:мемлекеттік қызметтері«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады.

2024 жылдың І тоқсанында барлығы 328 мемлкеттік қызмет көрсетілді, оның «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы – 129,«электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы – 198 (Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру – 327, Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу – 1).

Сонымен қатар, Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждерінің және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің кеңсесі арқылы 2260 мемлекеттік қызмет көрсетілді (Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау – 1, Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау - 2259).

Мерзімі бұзылып көрсетілген, мерзімі  кешіктірілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Тұтынушылардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасына, лауазым иелерінің үстінен арыз-шағым түскен жоқ.

2024 жылдың І тоқсанында басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 53 түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылып, 1124 адам қамтылған.

Сондай-ақ, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы ақпарат басқарманың ресми сайтының «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 74.

С

Дата публикации
28 мая 2024