Ақтөбеде бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты (31 қаңтар – 6 ақпан) өз мәресіне жетті. Аталған ел біріншілігінде 2005-2006 жылдары туған жасөспірім былғары қолғап шеберлері бақ сынады.
"Жекпе-жек" спорт кешенінде ұйымдастырылған додада 14 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 284 боксшы шаршы алаңда кім мықтыны анықтады. Айта кетейік, Жамбыл облысы құрамасынан 21 боксшы қатысқан болатын. Қазақстан Республикасының чемпионатында құрама сапынан Калинин Илья (50 кг) жеңімпаз атанса, Боранбай Бексұлтан (44кг) күміс жүлдеге қол жеткізді, ал қола медаль Ермек Сәкен (46 кг), Молдаш Сұлтан (48 кг) Хожамжар Исамедин (70 кг), Бексұлтанов Мадияр (80кг) сынды спортшыларға бұйырды. Біріншілікте іріктелген жасөспірімдер алдағы болатын халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.