«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Сарысу ауданының №30 бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың күшін жою туралы хабарландыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 15 қыркүйекте хабарландыруы жарияланған «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Сарысу ауданының №30 бокс балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың күші жойылғанын хабарлайды.

          Конкурстың күшін жою Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 171 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымдарға тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларын бекіту туралы» Қағидалардың талаптарына сәйкес, www.e-qazyna.kz  мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланбауына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 160-н/қ бұйрығы негізінде жүзеге асырылды.

          Өтінімдерді электронды түрде қабылдау мүмкіндігі бар конкурс өткізу туралы жаңа хабарландыру жақын арада www.e-qazyna.kz веб-порталында және Басқарманың ресми сайтында жарияланатын болады.

Дата публикации
24 сентября 2026