Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бұқаралық спорт

Спорт, оның ішінде бұқаралық спорт – ел ертеңі жастардың бойында ұлттық патриотизм қасиеттерін сіңірудің басты құралдарының бірі.

       Еліміздегі спортты дамыту, оның ішінде бұқаралық спорттың өркен жаюына барынша ықпал ету – мемлекеттік саясат пен ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналып отыр.

       Өңірдегі бұқаралық спортты қарқынды дамыту бағытында мектеп жасындағы жас спортшыларға және жастарға ерекше мән беру тәжірибесі орнықты.

Еліміздегі карантин режиміне қарамастан облыс әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы 2020 жылы жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Жалпы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 359,3 мың адамға немесе облыс тұрғындарының  31,7%-ға жетті.

Жыл санап жастар арасында да дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны артуда.

Оның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, саламатты өмір салтын өздеріне серік еткен 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 152,5 мың адамды (жалпы жастардың – 63,9%) құрады.

Бүгінгі күнге 7 жас пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 34 914 немесе 16,2 %-ы спорттық секцияға қатысады.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша 2 594 спорт нысаны жұмыс атқаруда, оның ішінде 2 490 спорт нысаны облыс тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Аталған нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылданудың арнайы кестесі жасалып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, және басқарманың, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында жарияланған.

Облыста білім беру мекемелерінің спорт нысандарына сабақтан тыс бос уақытта жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын кеңінен пайдалану үшін облыс әкімдігінің спорт және білім басқармалары, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері арасында 3 жақты Меморандум жасалды.

Сонымен қатар, спортпен тұрақты шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатары бүгінде 3 222 адамды (дене мүмкіндігі шектеулі адамдардың 9,1%) құрап отыр.

Жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 1 143 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 102,8 мың адам қатысты.

Соның ішінде, карантин кезінде облыс тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыс бойынша барлығы 146 онлайн іс-шаралар ұйымдастырылып, 7 426 адам қамтылды. Оның ішінде, 92 онлайн спорттық        іс-шараға 2 237 адам, 16 онлайн атақты спортшылармен мотивациялық кездесуге 969 адам, 25 спорт нысандарына онлайн экскурсияға 3 878 адам және 13 онлайн семинар-кеңестерге 342 адам қамтылды.

Бүгінгі таңда облыста 51 спорт мекемесі жұмыс атқарады (олар спорт түрлері бойынша 6 спорт клубы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі», Талас ауданындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», Байзақ, Талас, Қордай, Сарысу аудандарындағы «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» және 36 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі).

Документы
Анықтама
28 мая 2024
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Хабарландыру
20 ноября 2023
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы
Хабарлама
Жоспар
27 октября 2023
Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі іс-шара жоспары
Новости
Полезные материалы
Бұқаралық спорт
Медиагалерея
1
Көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының ХХІІ чемпионаты
1
Бокстан Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасында жолдастық кездесу
События
21 июня
«Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай облыстық спартакиада
02 декабря
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР
28 декабря
2024 жылы 4 қаңтарда Тараз қаласы №127 мекен- жайындағы "Азаматтарды қабылдау орталығы" Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Бақытжанұлы Ташметов қабылдау өткізеді.
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы