
Оқу-жаттығу процесі мазмұнын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін, спортшыларды даярлаудың мынадай кезеңдеріне бөлінеді:
1) спорттық-сауықтыру;
2) бастапқы даярлық;
3) оқу-жаттығу;
4) спорттық шеберлікті жетілдіру;
5) жоғары спорт шеберлігі.
жоғары жетiстiктер спорты – спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы;
спорт резерві – жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар жас және жасөспірім жастағы спортшылар.