Меню

Страницы

Статья

Шетелдік жұмыс күшін тарту

       Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына сәйкес, www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:    

  1. Жұмыс берушi не олардың өкілі «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
  2. Мынадай құжаттар тапсырылады:

1) жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;

2) білімі туралы құжаттардың және нотариат куәландырған аудармаларының электрондық көшірмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);

3) тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

4) шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;

5) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

6) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

- рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды;

- рұқсатты беру туралы шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанындағы хабарламаны жібереді.

  1. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

- рұқсат беру үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

 

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2020 жылға барлығы 801 шетел мамандарына квота белгіленген2020 жылдың 1 тамызына Жамбыл облысы бойынша 39 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 500 шетел азаматтары жұмыс атқаруд, оның ішінде 1-санат бойынша – 9 адам, 2-санат бойынша – 66 адам,  3-санат бойынша – 410 адам, 4-санат бойынша – 2 адам, маусымдық жұмысқа - 1 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 12 адам. Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.Жыл басынан бері шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер тарапынан алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 139,5 млн. теңге салық төленді.

 

 

 
Дата публикации
Дата обновления
07 сентября 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

04 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазымдар
20 мая 2025
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
Баспасөз релиздері
03 марта 2025
Баспасөз-релизі

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы