2026 жылдың 1-сәуіріне шетелдік мамандарды тарту бойынша есебі

2026 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына шетел жұмыс күшін тартуға  1190 квотасы бекітілді, оның ішінде 1 санат бойынша-24 адам,  2 санат бойынша-96 адам,  3 санат бойынша-438 адам,  4 санат бойынша-570 адам,  маусымдық жұмыскерлер- 62 адам.

2026 жылдың 1 сәуіріне  (2025 жылдан өтпелілерді қоса алғанда) Жамбыл облысы бойынша 35 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 1043 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытай Халық Республикасынан – 956, Түркиядан – 43, Өзбекстаннан – 20, Украинадан – 3, Франциядан – 3, Үндістаннан – 2, Босния және Герцеговинадан – 1, Корея Республикасынан – 1, Мысырдан – 3, Тәжікстаннан – 2, Сириядан – 1, Жапониядан – 5, Таиландтан – 2, Кирибатиден – 1 адам), оның ішінде  1- санат бойынша –   4 адам, 2-санат бойынша – 35 адам, 3-санат бойынша – 273 адам, 4 санат бойынша- 339 адам, маусымдық жұмысшылар- 3 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 389 адам (квотаға кірмейді). 

Берілген рұқсаттар үшін жұмыс берушілермен ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 508,6 млн.теңге салық төленді.

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.

2026 жылдың 1-сәуіріне шетелдік мамандарды тарту бойынша есебі
Дата публикации
14 апреля 2026