Басқармаға азаматтардан жиі түсетін сұрақтар

№

Мәселе мәні, тақырыбы

Шешу жолдары

 

1

 Жеке көмекшінің қызметтері бойынша

 

Азаматтарға мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке көмекші қызметін тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі, өтініш беру тәсілдері (электрондық үкімет порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы) туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында қызметті тағайындау немесе ұзарту бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

2

Ымдау тілі мамандарының қызметі бойынша

Мүгедектігі бар адамдардан ымдау тілі мамандарының қызметін алу тәртібі туралы өтініштер де келіп түсті. Өтініштердің негізгі бөлігі қызмет көрсету тәртібі мен көлеміне қатысты болды.

Осы бағытта:

- ымдау тілі мамандары қызметін алу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

- қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен өтініш беру жолдары бойынша кеңес берілді.

 

3

Санаторлық-курорттық емделу бойынша

 

Санаторлық-курорттық емделу бюджет есебінен оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда тегін берілетіні және қызметті алу үшін ХҚКО (ЦОН) немесе Egov.kz арқылы өтініш беріп, медициналық анықтама (072/у нысаны) ұсыну қажет ететіні, емдеу әдетте 14 күнге берілетіні түсіндірілді. Қажет болған жағдайда қосымша консультациялар ұйымдастырылды.

 

4

Инватакси қызметі бойынша

 

Мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдауға арналған инватакси қызметін алу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өтініштер негізінде қызмет көрсетуге өтінімдер қабылданып, белгіленген қағидаларға сәйкес тасымалдау қызметтері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, азаматтарға қызметті алдын ала брондау және пайдалану тәртібі түсіндірілді

5

Есту аппараттарымен қамтамасыз ету бойынша

 

Аталған кезеңде мүгедектігі бар адамдарды есту аппараттарымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша азаматтардан бірнеше өтініш келіп түсті. Өтініштердің негізгі мазмұны есту аппараттарын алу мерзімі, қажетті құжаттар және қызмет көрсетуші ұйымдар туралы ақпаратқа қатысты болды.
Осы мәселелерді шешу мақсатында:

- есту аппараттарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

- қызмет алушыларға қажетті құжаттар тізбесі және өтініш беру жолдары түсіндірілді;

- қызмет алушыларға портал арқылы өтініш беру тәртібі түсіндірілді.

 

6

 Кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессорларын уақытылы беру

 

Кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессорларын ауыстыру және уақытылы қамтамасыз ету мәселесі де азаматтар тарапынан жиі көтерілетін сұрақтардың бірі болды.

Аталған мәселе бойынша:

- қызмет алушыларға сөйлеу процессорларын ауыстыру мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

- өнім жеткізуші ұйымдармен келісімшарттар аясында техникалық оңалту құралдарын уақытылы жеткізу мәселесі бақылауға алынды;

- мемлекеттік сатып алу тапсырыс рәсімдері және портал арқылы қызмет алу тәртібі туралы ақпарат берілді.

 

7

Кресло-арбалармен қамтамасыз ету бойынша

 

 

Кресло-арбалармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтініштер негізінен құралдардың жеткізілу мерзімі, түрлері және техникалық сипаттамаларына қатысты болды.

Аталған мәселелер бойынша:

- кресло-арбалармен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

- қызмет алушыларға әлеуметтік портал арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі түсіндірілді.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша түсіндіру сипатындағы ақпараттық материалдар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылып, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

 

8

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсатты тоқтату

2023 жылғы 30 маусымдағы №279 ҚР ЕХӘҚМ бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 41-тармағының 4-тармақшасына сәйкес күші нжойды.

  41. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат келесі жағдайларда өз күшін тоқтатады:

 

- берілген мерзімінің аяқталуы;

 

- рұқсаттың кері қайтарылып алынуы;

 

- жұмыс беруші болып табылатын жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуы немесе жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуы;

 

- жұмыс берушінің рұқсатты жергілікті атқарушы органға ерікті түрде қайтаруы;

 

- рұқсатты беру және ұзарту үшін алым төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылмаған жағдайда;

 

- рұқсаттың басқа шетелдік жұмыскерге қайта рәсімделуі.

Басқармаға азаматтардан жиі түсетін сұрақтар
Дата публикации
11 марта 2026