2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы қысқаша есебі

2025 жылдың қорытындысымен облыс бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 146 524 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    143 496 қызмет (97,9 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   3 118 қызмет (2,1 %). 

Есепті мерзімде басқарма қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тартқандар жоқ.

2025 жылдың қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 883 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына есепті кезеңде Талас, Қордай, Мойынқұм аудандық мансап орталығы филиалдарына ішкі бақылау және Байзақ, Жамбыл, Шу, Сарысу аудандары бойынша мансап орталығы филиалдарына ішкі байқау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 21 бұзушылықтар анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды және анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

 

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы қысқаша есебі
Дата публикации
24 февраля 2026