ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2025 жылға барлығы 850 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 14 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 77 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 401 адамға (мамандар), 4 санат бойынша – 352 адамға (білікті жұмысшылар), 5 санат бойынша – 6 адамға (маусымдық жұмыстарға).
2026 жылдың 1-қаңтарына Жамбыл облысы бойынша 33 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 733 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 653, Түркиядан –44, Өзбекстаннан – 21, Украинадан – 3, Франциядан – 2, Үндістаннан – 3, Босния және Герцеговинадан-1 адам, Корея Республикасынан – 1, Мысырдан-3 адам, Тәжікстаннан- 1 адам, Сириядан-1), оның ішінде 1-санат бойынша – 5 адам, 2-санат бойынша – 39 адам, 3-санат бойынша – 269 адам, 4 санат бойынша- 102 адам, маусымдық жұмысшылар- 4 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 314 адам (квотаға кірмейді).
Берілген рұқсаттар үшін жұмыс берушілермен ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 293,3 млн.теңге салық төленді.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.