Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2025 жылға барлығы 1163 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 22 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 142 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 524 адамға (мамандар), 4 санат бойынша – 462 адамға (білікті жұмысшылар), 5 санат бойынша – 13 адамға (маусымдық жұмыстарға).
2025 жылдың 1-қазанына Жамбыл облысы бойынша 31 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 756 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 684, Түркиядан –42, Өзбекстаннан – 13, Украинадан – 3, Франциядан – 2, Үндістаннан – 3, Босния и Герцеговинадан-1, Мавританиядан-1, Корея Республикасынан – 1, Ирактан-1, Мысырдан-3, Тәжікстаннан- 1, Сириядан-1), оның ішінде 1-санат бойынша – 5 адам, 2-санат бойынша – 41 адам, 3-санат бойынша – 231 адам, 4 санат бойынша- 152 адам, маусымдық жұмысшылар- 6 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 321 адам (квотаға кірмейді).
Жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 324,5 млн.теңге салық төленді.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.