2025 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысымен облыс бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 36 651 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде басқарма қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тартқандар жоқ.
2025 жылғы 3 тоқсанның қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 492 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына есепті кезеңде Мойынқұм аудандық мансап орталығына ішкі бақылау және Шу ауданы бойынша мансап орталығы филиалына ішкі байқау жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 4 бұзушылықтар анықталды.