І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың II тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (1 ведомстволық бағынысты ұйымдар) жүргізілді (1 нысан).
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 4 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 1 (Қордай ауданы бойынша Мансап орталығының маманы Нусувканова Жазира Даутхановнаға – «ескерту» түріндегі жазалар қолданылды).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 1 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданы бойынша мансап орталығына Басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметті көрсету барысында заңнама талаптарын бұзудың, яғни көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау бойынша талаптарын бұзудың 2 фактісі анықталды.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзылуы және орталық қызметкерлері кезекті еңбек демалыстарында болуына қарамастан, олардың ЭЦҚ-ларын қызмет көрсету барысында пайдаланылғандығы анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Басқармаға қарасты мансап орталық қызметкерлеріне Қағида талаптарын қатаң сақтау, мерзім бұзу фактілеріне, негізсіз бас тартуға жол бермеу бойынша оффлайн түрде жиын және тұрақты түрде онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп, бүгінгі күнге жауапты тұлғалармен орындалуда.
Бұдан бөлек, Басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша «E-otinish» ақпараттық жүйесі көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.
Осы орайда, Мансап орталығына «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен өтініштерге зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен өтініштерді зерделеу барысында «Жасырын қызметтер» анықталмады.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 2 – тоқсанында облыс бойынша 31 320 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
электронды түрде – 30 520 қызмет (97,4 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 800 қызмет (2,55 %).
Есепті мерзімде басқарма қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тартқандар жоқ.
2025 жылдың II тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.есепті мерзімде Басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 112 түсіндірме іс-шаралары өткізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Атап айтқанда, Тараз қаласы мен аудандық мансап орталықтары, әлеуметтік желілерде, облыстық және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.