|
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
|
Мемлекеттік қызметті айқындайтын қағида |
|
1 |
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу |
- |
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы. |
|
2 |
Жұмыссыздарды тіркеу
|
- |
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығы.
|
|
3 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамала беру
|
- |
"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. |
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмі
«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №214 бұйрығының №1 қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші,
www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы және
enbek.kz порталы арқылы жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
1) Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
2)Мансап орталығынының қызметкері ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды тіркейді.
3)Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде enbek.kz порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Мансап орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
«Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмі
«Жұмыссыздарды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №214 бұйрығының №2 қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші,
www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы және
enbek.kz порталы арқылы жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Жұмыс іздеуші адам уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексерілгеннен кейін жұмыссыз адам ретінде тіркеледі.
Мемлекттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, яғни жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді:
"Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету алгоритмі
"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығының № 8-1 қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс іздеуші адамдарға, жұмыссыздарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға, қандастарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды:
Осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдама;
Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдама;
Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қоныс аударуға жолдама беру.