Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, ұзарту, қайта ресімдеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (әрі қарай-Қағида).
Қағиданың талаптарына сәйкес, жұмыс берушілер www. egov. кz «электронды үкімет», www. elicense.kz веб-порталы арқылы өтінім береді.
Қызмет алушы- заңды тұлғалар.
Қызмет беруші-облыс әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары.
Өтінім құжаттары комиссия мүшелері тарапынан 8 жұмыс күн ішінде қаралып, жергілікті атқарушы органның басшысының бұйрығымен шешім қабылданады
Оң шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде жұмыс беруші шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттар алу үшін салық төлемдері төленгендігі туралы құжатты тапсырады. Салық төлемдері төленгендігі туралы құжатт тапсырылғаннан кейін қызмет беруші рұқсат қағаздарды қызмет алушының жеке кабинетіне жолдайды.
Қызмет көрсету мерзімдері:
Квота шеңберінде:
3.Рұқсатты қайта ресімдеу - 6 жұмыс күн ішінде;
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде:
- шетелдік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;
- кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі
- шетелдік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;
- кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
-жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
-еңбек шартының немесе жұмыс берушімен жасалған корпоративішілік аударма туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасының (егер құжат қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылмаған болса) электрондық көшірмесі;
-Қазақстан Республикасында танылатын растайтын құжаттарды қоса бере отырып қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат;
-орындау мерзімі басталған (олар болған кезде) алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың ерекше талаптарын орындау туралы ақпарат (еркін нысанда);
-шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымға шетелдік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің сәйкестігі туралы растайтын хатының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қызметкердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын қабылдаушы Тараптың хаты;
- нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат;
- нысан бойынша корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
-кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса);
-шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
-жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
-орындалу мерзімі басталған алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпарат (олар болған кезде);
-корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
-рұқсаттар мерзімін ұзарту негіздемесі;
-шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
-қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат.
-жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініші;
-шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгергенін, Қазақстан Республикасының жұмыс беруші-заңды тұлғасының немесе шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) бірігу, қосылу, бөліну, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылғанын растайтын, сондай-ақ оның атауы немесе көрсетілген деректемелер өзгерген жағдайда құжаттардың электрондық көшірмелері шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар.