Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2025 жылға барлығы 828 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 10 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 75 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 340 адамға (мамандар), 4 санат бойынша – 390 адамға (білікті жұмысшылар), 5 санат бойынша – 13 адамға (маусымдық жұмыстарға).
2025 жылдың 1-сәуіріне Жамбыл облысы бойынша 31 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 1146 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 1060, Түркиядан –56, Өзбекстаннан – 11, Украинадан – 4, Франциядан – 2, Үндістаннан – 3, Мавританиядан-1, Корея Республикасынан – 1, Ираннан – 1, Ирактан-1, Гвинеядан-1 адам, Мысырдан-3 адам, Шри-Ланкадан-1, Әзірбайжаннан -1 адам), оның ішінде 1-санат бойынша – 4 адам, 2-санат бойынша – 44 адам, 3-санат бойынша – 202 адам, 4–санат бойынша 379 адам, маусымдық жұмысшылар- 8 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 509 адам (квотаға кірмейді).
Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 8,9 млн.теңге салық төленді.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар