2024 жылғы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепке түсіндірме жазба

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» 256 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 2024 жылға 17 бюджеттік бағдарламалар қаралды.

256-001/011/015 «Жергілікті деңгейде  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 87,0 мың теңге жоспарланған, игеру толық - 100 %.

011 «Жоспар бойынша 9 бірлік жалақысы көтерілетін штаттан тыс жұмыскерлердің саны» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша нәтиже көрсеткіші орындалды.

015 кіші бағдарлама бойынша облыстық бюджеттен 238292,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы 238232,59 мың теңгені немесе 99,98%-ды құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 59,410 мың теңге. Бюджеттік бағдарламаның қаражатын толық игермеу себебі: 4,9 мың теңге - еңбекке ақы төлеуден; 0,18 мың теңге - коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері бойынша (ұсынылған фактуралар бойынша ақы төлеу); 55,06 мың теңге - мемлекеттік сатып алудан; 0,08 мың теңге – іссапарлардан үнемделді.

Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері мынадай: басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне төленген жалақы қоры - 180580,7 мың теңге, шарттық негізде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақы қорына - 22573,8 мың теңге, коммуналдық қызметтерге - 8947,0 мың теңге, байланыс қызметтеріне ақы төлеу - 2528,8 мың теңге, іссапар шығыстарына ақы төлеу - 2791,9 мың теңге басқарудың қажеттіліктеріне байланысты көрсетілген қызметтермен жұмыс, (қызметтік көлік, кеңсе, шаруашылық тауарлар үшін отын сатып алу, бағдарламаларға қызмет көрсету, автомобильдерді ағымдағы жөндеу және басқа да іс-шаралар) 20815,2 мың теңге. Көрсеткіштер орындалды.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі: мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін 100% арттыру, 9 қызметкердің біліктілігін арттыру.

Байланыс қызметi бойынша 11,6 мың теңге мөлшерiндегi дебиторлық берешек. Коммуналдық қызметтер бойынша кредиторлық берешек 2109,9 мың теңге.

256-007/015 "Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша тікелей нәтижелердің 2 көрсеткіш көзделген:

компьютерлік техниканы сатып алу -4 бірлік;

шаруашылық қажеттіліктері үшін негізгі құралдарды сатып алу-3 бірлік;

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі: басқарма қызметкерлерін ақпараттық  жүйелермен 100% қамтамасыз ету, санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеу үшін жағдай жасау.

Есепті жылы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша 780,0 мың теңге қарастырылды және 734,37 мың теңге игерілді, игерілді - 94,02%. Мемлекеттік сатып алулардан 45,63 мың теңге қаражат үнемделді.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

256-002-011/015 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 1804365,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 1804347,3 мың теңгені немесе 99,99%. құрады. Бюджет қаражатын үнемдеу - 2,3 мың теңге азық-түлік және ЖЖМ, өзге де тауарларды сатып алу бойынша жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделді. Жалақы бойынша 11,2 мың теңге; азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай материалдарын, басқа да тауарларды мемлекеттік сатып алудан 6,5 мың теңге үнемделді.

Бағдарлама бойынша тікелей нәтижелердің 4 көрсеткіші көзделген:

-Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыру -251,5 адам;

- Әлеуметтік саладағы жалақысы өскен медицина қызметкерлерінің саны - 75,5 адам;

-Стационар жағдайында әлеуметтік қызмет алатын қарттар мен мүгедектердің саны - 385 адам;

-«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ әлеуметтік қызмет алатын қарттар мен мүгедектердің саны - 150 адам;

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) – 2024 жылға - 100%.

Көрсеткіштер орындалды.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық берешектер қалыптасқан жоқ, дебиторлық берешек тамақ өнімдерін сатып алу бойынша 0,5 мың теңге.

256-013-011/015 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға бюджеттен 2981255,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 2981253,17 мың теңгені немесе 100% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы  1,8 мың теңге. Жалақы бойынша - 0,1 мың теңге; азық-түлік өнімдерін, жанар-жағармай материалдарын, басқа да тауарларды мемлекеттік сатып алу байланысынан 1,7 мың теңге үнемделді.

Тікелей нәтиже көрсеткіші

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің жекелеген санаттарының жалақысын арттыру - 347 бірлік». Орындалды.

«Әлеуметтік саладағы жалақысы өсетін медицина қызметкерлерінің штаттық бірліктерінің саны - 128,5 бірлікті құрайды». Орындалды.

«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер саны – 750 адамды құрады». Көрсеткіш орындалды.

Бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) -100% орындалды». Көрсеткіш орындалды.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

256-014-011/015 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға бюджеттен 2427896,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 2427857,8 мың теңгені немесе 99,998% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 38,2 мың теңге. Еңбекақы қорынан, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май материалдарын, басқа да қорларды (шаруашылық, жуу құралдары), байланыс қызметінен, дайын тамақпен  қамтамасыз ету, ғимаратты қамтамасыз ету қызметтерінен, мемлекеттік сатып алулардан  22,5 мың теңге үнемделді.

Бағдарлама бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштері қарастырылған:

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жекелеген санаттағы азаматтық қызметшілерінің жалақысын арттыру - 281,0 адам». Көрсеткіш орындалды.

- «Әлеуметтік саладағы жалақысы өсетін медицина қызметкерлерінің штаттық бірліктерінің саны - 94,5 бірлік». Орындалды.

- «Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға және тірек-қозғалу алатын әлеуметтік қызмет көрсететін жартылай стационар жағдайында мемлекеттік секторында адам саны - 384 адам». Жоспар бойынша 384 адам. Орындалды.

- «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» Облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы «КММ-де жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет алатын мүгедектердің орташа саны 150 адамды құрады». Жоспар бойынша 150 адам. Орындалды.

Түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді: "Мемлекеттік секторда жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетілетін адамдардың үлесі 2024 жылы 12,8%-ды құрады, ал жоспар бойынша 12,8% орындалды.

Дебиторлық берешек коммуналдық қызметтер бойынша 1462,5 мың теңге, байланыс қызметтерi бойынша 73,1 мың теңгенi құрады. Кредиторлық берешек қалыптаспады.

256-015-011/015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 552151,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 552150,4 мың теңгені немесе 100%-ды құрады, еңбекақы қоры бойынша - 0,23 мың теңге; дәрі-дәрмектер мен азық-түлік өнімдерін мемлекеттік сатып алу бойынша 0,42 мың теңге үнемделді.

Тікелей нәтиже көрсеткіші «Стационар жағдайында әлеуметтік қызмет алатын психоневрологиялық патологиясы бар балалар саны - 55 адам». 100% орындалды.

Бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) -100% орындалды».

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық берешектер қалыптасқан жоқ, коммуналдық қызметтер бойынша кредиторлық берешек 130,5 мың теңгені құрады.

         256-018-015 «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 212808,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 212807,2 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 0,8 мың теңге. Бюджеттік бағдарлама қаражатының толық игерілмеу себебі, 0,8 мың теңге жылдың соңындағы қалдық сомасы (мемлекеттік сатып алудан үнемделген).

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

- «Жалпы сипаттағы трансферттер есебінен жартылай стационар жағдайында үкіметтік емес секторда арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған азаматтардың саны - 20 адам». Көрсеткіш орындалды.

- «Үкіметтік емес секторда арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған азаматтардың, адам саудасының құрбандарының саны - 5 адам». Көрсеткіш орындалды.

- «Үкіметтік емес секторда арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған азаматтар, шетелдіктер саудасының құрбандары саны - 7 адам». Көрсеткіш орындалды.

- «Үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған азаматтардың саны - 2035 адам», жоспар бойынша 2035-ке қол жеткізілді. 100% орындалды.

«Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі» бағдарламасының түпкілікті нәтиже көрсеткіші 31,2% -ды құрады. (жоспар бойынша 31,2%). Көрсеткіш орындалды.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

         256-028-011/015 «Күш көрсету немесе күш көрсету қауіпі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға бюджеттен 522794,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 522604,2 мың теңгені немесе 99,96% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 1189,78,0 мың теңге. ЕТҚ-дан және әлеуметтік сақтандырудан 109,8 мың теңге; дәрі-дәрмектерді, басқа да тауарларды сатып алудан, дайын тамақпен қамтамасыз етуден 80,0 мың теңге үнемделді.

Тікелей нәтиже көрсеткіші      

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жекелеген санаттағы азаматтық қызметшілерінің жалақысын арттыру - 43 бірлік». Көрсеткіш орындалды.

- «Әлеуметтік саладағы жалақысы өсетін медицина қызметкерлерінің штаттық бірліктерінің саны - 9 бірлікті құрайды». Көрсеткіш орындалды.

 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың орташа жылдық саны тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жергілікті бюджет қаражатының көлемі - 451 адамды құрады, жоспар бойынша - 451 адам». Орындау 100%.

Түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді: «Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, өтініш білдіргендерден зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың үлесі -100%».

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ, жалақы мен салық бойынша дебиторлық көрсеткіш 365,4 мың теңгені құрады.

         256-046-015 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 56076,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 55985,8 мың теңгені немесе 100% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 90,2 мың теңге, нақты алынған көрсетілген қызметтерге ақы төлеуден қалған үнемделген сома.

Тікелей нәтиже көрсеткіші бойынша жоспарда  «Инватакси» қызметтер саны жоспар бойынша – 2, «Инватакси» көліктер саны-8, нәтиже 100% орындалды.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткіші орындалды. «Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерді, кресло-арбаларды , көзі көрмейтін мүгедектерді және мүгедек балаларды көлік қызметтерімен (инватакси қызметтеріне мұқтаж мүгедектердің жоспарланған санынан) қамтамасыз ету жоспар бойынша - 100%».

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

         256-053-015  «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 55450,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 55450,0 мың теңгені немесе 100% құрады. Жоспарланған іс шаралар  орындалды.

Бағдарлама бойынша  «Кохлеарлық импланттарына сөйлеу процессорларын ауыстыруды талап ететін бірлік саны - 11 адам» тікелей нәтиже көрсеткіші көзделген. Көрсеткіш 100% орындалды.

Бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді: «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) – 100%».

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

256-063-013 «Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға республикалық бюджеттен 1810000,0 мың теңге жоспарланған. Жоспар республикалық бюджеттен қаржыландырудың болмауына байланысты орындалмады.

Бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткішіне басқа да іс-шаралар мен бағдарламалар есебінен қол жеткізілді: «Жұмыссыздық деңгейі» 2024 жылғы жоспар бойынша 4,9%, іс жүзінде 4,8%-ды құрады. Бұл көрсеткішті статистика органдары 2024 жылдың 3 тоқсанына анықтайды. 2024 жылғы статистикалық есептіліктің қорытындылары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы наурызда шығарылатын болады. Осы көрсеткіш бойынша жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы күтілуде.

256-064-011/015 ««Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша кызметтін қамтамасыз ету»  атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға  бюджеттен 1654448 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 1654450,2 мың теңге.

Көрсеткіш 100% орындалды. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 2,2 мың теңге. Мемлекеттік сатып алулардан үнемделді.

Бағдарлама бойынша  тікілей нәтиже көрсеткіштері

  1. «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыру - 44 бірлік»;
  2. "Еңбек ұтқырлығы орталығын құру -1 бірлік;
  3. «Еңбек ұтқырлығы орталығы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу - 31 штаттық сан».
  4. «Мансаптық орталықтарды және Еңбек ұтқырлығы орталығын ұстау - 12 бірлік»;
  5. «Еңбек ұтқырлығы орталығы мен Мансап орталықтары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу - 393 штат бірлік».

Көрсеткіштер 100% орындалды.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері «Жұмыссыздық деңгейі»  2024 жылғы жоспар бойынша 4,9%, іс жүзінде 4,8%-ды құрады . Бұл көрсеткішті статистика органдары 2024 жылдың 3 тоқсанына анықтайды. 2024 жылғы статистикалық есептіліктің қорытындылары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы наурызда шығарылатын болады. Осы көрсеткіш бойынша жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы күтілуде.

Коммуналдық қызметтер бойынша кредиторлық берешек - 1921,1 мың теңге, байланыс қызметтерi бойынша дебиторлық берешек - 7,9 мың теңгені құрады.

256-066-015 «Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 51532,0  мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 47508,9  мың теңгені немесе 92,19% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 4023,1 мың теңге.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері бағдарлама бойынша  «Жеңілдетілген кредиттеумен қамтамасыз етілген жастар» саны 447 адам . Жоспар бойынша 447 адам. Көрсеткіш 100% орындалды.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері жұмыссыздық деңгейі  2024 жылғы жоспар бойынша 4,9% болса, іс жүзінде 4,8%-ды құрады. Бұл көрсеткішті статистика органдары 2024 жылдың 3 тоқсанына анықтайды. 2024 жылдың статистикалық есептілік қорытындылары Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес 2025 жылдың наурыз айында шығады.  Бұл көрсеткіш бойынша жыл қорытындысымен жоспарлық көрсеткіштер орындалады деп күтілуде.  Көрсеткіштердің орындалу 97,96 %.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық берешектер қалыптасқан жоқ, кредиторлық берешек -3879,7 мың теңге.

256-067-015 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 513452,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 512410,6 мың теңгені немесе 99,98% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 1041,4 теңге теңге. Мемлекеттік сатып алулардан үнемделді.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері:

  1. «17 медициналық-әлеуметтік мекемелерді материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету» -100%. Орындалды.
  2. «Медициналық-әлеуметтік мекемелер үшін 4 автокөлік сатып алу». Орындалды.

Түпкілікті нәтиже көрсеткіші: «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту -100%». Орындалды.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

256-068-015  «Жұмыспен қамту бағдарламасы» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 15280625,0  мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 15280625,0 мың теңгені немесе 100% құрады.

Бағдарлама бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері көзделген:

- Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген адамдардың саны - 811 адам. Орындалды.

- Жастар практикасына жіберілген адамдардың саны - 266 адам. Көрсеткіш орындалды.

- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алған тұлғалар саны - 1008 адам. Көрсеткіш орындалды.

- Қоғамдық жұмыстарға жіберілген адамдардың саны - 10427 адам. Көрсеткіш орындалды.

- «Күміс жас» жобасы бойынша 2214 адам жұмыспен қамтылды, 2256 адам өтінімдерге сәйкес қамтылды. Көрсеткіш 101,9% -ға орындалды.

- «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандар саны 1140 адам, орындалуы 1482 адам. Өткен жылдың ауыспалы есебінен 130,0% орындалды.

- «Келісімшарт» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың саны - 32 адам. Көрсеткіш орындалды.

- Мүгедектер үшін жұмыс орындарын субсидиялау - 22 адам. Көрсеткіш орындалды.

- Қысқа мерзімді курстардан өткен адамдар саны - 917 адам. Көрсеткіш орындалды.

- Жұмыс берушіде 389 адам жұмыс орнында оқиды. Көрсеткіш орындалды.

Бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді: жұмыссыздық деңгейі  2024 жылғы жоспар бойынша 4,9% болса, іс жүзінде 4,8%-ды құрады. Статистикалық мәліметтер 2024 жылғы 3 тоқсанда көрсеткіш статистика органдарымен анықталады. 2024 жылдың статистикалық есептілік қорытындылары Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес 2025 жылдың наурыз айында шығады.  Бұл көрсеткіш бойынша жыл қорытындысымен жоспарлық көрсеткіштер орындалады деп күтілуде.Көрсеткіштердің орындалу 97,96 %.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

256-069-015  «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жүмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға облыстық бюджеттен 11897,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 11896,3 мың теңгені немесе 99,99% құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 0,7 мың теңге. 0,7 мың теңге  мемлекеттік сатып алудан үнемдеуден пайда болды.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері бойынша «Құрылған жұмыс орындарының саны 11 орын» қарастырылған. Жоспар бойынша 11 орын. Көрсеткіш 100% орындалды.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері жұмыссыздық деңгейі  2024 жылғы жоспар бойынша 4,9% болса, іс жүзінде 4,8%-ды құрады. Статистикалық мәліметтер 2024 жылғы 3 тоқсан. Бұл көрсеткіш статистика органдарымен анықталады. 2024 жылдың статистикалық есептілік қорытындылары Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес 2025 жылдың наурыз айында шығады.  Бұл көрсеткіш бойынша жыл қорытындысымен жоспарлық көрсеткіштер орындалады деп күтілуде. 

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

256-113-011/015 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер» атты бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылға бюджеттен 2144213,0 мың теңге жоспарланған. Есепті жылдағы төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы 2144206,1 мың теңгені немесе 100%-ды құрады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан міндеттемелердің ауытқуы 6,9 мың теңге. Бюджеттік бағдарлама қаражатының толық игерілмеу себебі,  6,9  мың теңге мемлекеттік сатып алулардан үнемделделді.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен төлеуге тікелей нәтиже көрсеткіштері көзделген:

- Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен)

амтамасыз ету нормаларын арттыру - 4272 адам.

- «Spina Bifida» диагнозы бар балаларға арналған катетерлермен 11 адамды қамтамасыз ету.

- 596 адам санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.

-Штат бiрлiктерiнiң, азаматтық қызметшiлердiң жекелеген санаттарының, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң, жалақысы арттырылған қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң саны - 31 адам.

- Әлеуметтік саладағы жалақысы өсетін медициналық қызметкерлердің саны 9,5 бірлікті құрайды.

Көрсеткіштер орындалды

Республикалық бюджеттен жоспар бойынша 1354864,0 мың теңге бөлініп, 1354864,0 мың теңге игерілді. 100% игеру.

Облыстық бюджеттен 789349,0 мың теңге бөлініп, 789342,1 мың теңге игерілді. Үнемдеу 6,9 мың теңге. 100% игеру.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

- «қамтамасыз етілген арнайы қозғалыс құралдары саны - 701 адам», орындау 100% -ды құрады.

- «тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілген - 862 адам», орындау 100% -ды құрады.

- «протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілгендер саны - 4267 адам», орындау 100% -ды құрады.

- «сурдоқұралдармен қамтамасыз етілгендер саны - 406 адам», орындау 100% -ды құрады.

- «гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілгендер саны - 205 адам», орындау 100% -ды құрады.

- «Облыстың ауылдық округтері мен қалаларын 156 ауылдық округтің «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесімен қамтамасыз етуге» 100% орындалды.

Бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткіштеріне қол жеткізілді:

  1. «Гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген мүгедектердің және тізбені кеңейтудің (гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектердің жоспарланған санынан), сурдо, тифло құралдарымен, техникалық оңалту құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілген мүгедектердің үлес салмағы 2024 жылғы жоспар бойынша 100%-ды құрады. Көрсеткішке қол жеткізілді.
  2. «2024 жылы ауылдық округтер деңгейінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысын мониторингтеуді, болжауды және бақылауды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету - 100%». Көрсеткіш орындалды.

Бюджет тәртібінің жағдайы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалыптасқан жоқ.

2024 қаржы жылында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп
Дата публикации
31 января 2025