2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы

2024 жылдың қорытындысымен облыс бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 179 404 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    150 852 қызмет (84,0 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   28 552 қызмет (15,9 %). 

Есепті мерзімде басқарма қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тартқандар жоқ.

2024 жылдың қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 547 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 12
қызметкер өтті.

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына есепті кезеңде Меркі, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандық мансап орталығы филиалдарына ішкі бақылау және Тараз қаласы бойынша мансап орталығы филиалына ішкі байқау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 36 бұзушылықтар анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды және анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы
Дата публикации
29 января 2025