Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2024 жылға барлығы 1112 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 14 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 71 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 364 адамға (мамандар),4 санат бойынша – 655 адамға (білікті жұмысшылар), 5 санат бойынша – 8 адамға (маусымдық жұмыстарға).
2025 жылдың 1-қаңтарына Жамбыл облысы бойынша 27 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 1172 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 1080, Түркиядан –62, Өзбекстаннан – 10, Украинадан – 3, Франциядан – 4, Үндістаннан – 4, Мавританиядан-1, Корея Республикасынан – 1, АҚШ-нан – 2, Ираннан – 1, Ирактан-1,, Мысырдан-1 адам, Шри-Ланкадан-1, Әзірбайжаннан -1 адам), оның ішінде 1-санат бойынша – 6 адам, 2-санат бойынша – 49 адам, 3-санат бойынша – 181 адам, 4 –санат бойынша 346 адам, маусымдық жұмысшылар – 8 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 582 адам (квотаға кірмейді).
Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 479,5 млн.теңге салық төленді.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.