2024 жылдың ІІI тоқсанында облыс бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 46693 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде басқарма қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тартқандар жоқ.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 144 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 12
қызметкер өтті.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде Жуалы аудандық мансап орталығы филиалына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 бұзушылық анықталды және 1 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.