Шетел жұмыс күшін тарту бойынша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2023 жылға барлығы 542 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 15 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 100 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 400 адамға (мамандар), 5 санат бойынша – 27 адамға (маусымдық жұмыстарға).
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2024 жылға барлығы 3660 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 53 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 546 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 1848 адамға (мамандар),4 санат бойынша – 1193 адамға (білікті жұмысшылар), 5 санат бойынша – 20 адамға (маусымдық жұмыстарға).
2024 жылдың 1-шілдесіне Жамбыл облысы бойынша 25 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 881 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 795, Түркиядан –62, Өзбекстаннан – 6, Украинадан – 3, Франциядан – 3, Грекиядан – 2, Үндістаннан – 2, Корея Республикасынан – 1, АҚШ-нан – 2, Ираннан – 1, Гвинеядан-1 адам, Мавританиядан – 1, Мысырдан-1 адам, Шри-Ланкадана-1), оның ішінде 1-санат бойынша – 6 адам, 2-санат бойынша – 51 адам, 3-санат бойынша – 173 адам, 4 –санат бойынша 49 адам, маусымдық жұмысшылар – 3 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 599 адам (квотаға кірмейді).
Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 201,4 млн.теңге салық төленді.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.