2024 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 45095 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде басқарма қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тартқандар жоқ.
2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 120 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан басқарманың
қызметкерлері өтпеген.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде Меркі аудандық мансап орталығы филиалына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 бұзушылықтар анықталды және 1 ұсыныс беріліп, толығымен орындалды.