Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2024 жылға барлығы 3660 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 53 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 546 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 1848 адамға (мамандар),4 санат бойынша – 1193 адамға (білікті жұмысшылар), 5 санат бойынша – 20 адамға (маусымдық жұмыстарға).
2024 жылдың 1 сәуіріне Жамбыл облысы бойынша 26 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 805 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 714, Түркиядан –60, Өзбекстаннан – 6, Украинадан – 5, Франциядан – 4, Индонезиядан – 3, Грекиядан – 2, Үндістаннан – 2, Корея Республикасынан – 1, АҚШ-нан – 2, Ираннан – 1, Ирактан – 1, Шри-Ланкадан – 1, Йемен – 1, Мавритания – 1, Сингапур - 1 ), оның ішінде 1-санат бойынша – 6 адам, 2-санат бойынша – 50 адам, 3-санат бойынша – 177 адам, маусымдық жұмысшылар – 8 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 564 адам (квотаға кірмейді).
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.
Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 158,6 млн.теңге салық төленді.